ҚР Ұлттық ядролық орталығы төмен байытылған отынды ССТА-ның екі эксперименттік арнасын ИВГ 1.М реакторының актив аймағына жүктеуді сәтті өткізді


14 желтоксан 2016

ҚР Ұлттық ядролық орталығы АҚШ Ұлттық зертханасының қолдауымен зерттеу реакторларын конверсиялау – ИВГ.1М және ИГР реакторларының отынын U-235 бойынша байытуды 90%-дан 19,75%-ға дейін төмендету жобасын орындауда.  

2016 жылы конверсиялаудың ең маңызды дайындық кезеңдерінің бірі –ИВГ.1М реакторына арналған төмен байытылған отынды сынауды жүзеге асыруға кірісті.

2016 жылғы қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында төмен байытылған отынды ССТА-ның 2 эксперименттік арнасын ИВГ.1М реакторының актив аймағына жүктеу жүргізілді. Соңынан реактордың сындық жай-күйін тексеру және актив аймақтағы эксперименттік арналардың болуымен байланысты реактор реактивтілігі қорының өзгеруі тексерілді.

Төмен байытылған отынды ССТА арналарын ресурстық сынау 2017 жылдың екінші тоқсанында басталады деп жоспарлануда, бұл ретте сынақтардың мерзімін олардың сапасына зиян келтірместен қысқартуға (үш жылдан екі жылға дейін) мүмкіндік беретін техникалық шешімдер әзірленетін болады.

2017 жылы сондай-ақ эксперименттік төмен байытылған отынның және ИГР реакторының ішкі шағылдырғышының  элементтерін жан-жақты сынау басталатын болады.

Жаңа материалдардың сипаттамаларын зерттеу реактордан тыс қондырғыларда, сондай-ақ ИГР және ВВР-К зерттеу реакторларында да жүргізілетін болады.

Соңғысын (ВВР-К) «Ядролық физика институты» РМК пайдалануда және оны төмен байытылған отынға конверсиялау жобасы сәтті  орындалған алғашқы қазақстандық зерттеу реакторы болып табылады.

ИГР және ИВГ.1М реакторларына арналған, Ресей Федерациясында арнайы жасалған төмен байытылған уранды отынның пилоттық үлгілерін сынау 2019 жылдан кешіктірмей аяқтау жоспарлануда, одан кейін сыналған отынға жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, бұл отынды ҚР ҰЯО реакторларында пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын болады. 

ИВГ 1.M исследовательские реакторы