18 маусым 2024
13 маусымда Ұлттық ядролық орталықта «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыптық ойын өткізілді. Мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, заңнаманың негізгі ұғымдарымен және сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін атқаратын жауапкершілікпен танысу.
Ойынға 2 команда қатысты, оларға тақырыптық ребустарды шешу, викторинаға қатысу және басқа да тапсырмаларды орындау ұсынылды.
Бұл іс-шараның соңғы кезеңі «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында парақша жасауға арналған шығармашылық тапсырма болды.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыптық ойынын өткізу тәжірибесі кәсіпорын филиалдарында жалғасады.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024