23 қыркүйек 2024
МАГАТЭ бас конференциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қазіргі әріптестерімен жұмыс кездесулерін өткізу үшін, сондай-ақ жаңа ғылыми байланыс орнату үшін тиімді алаң болып саналады.
Өткізіліп жатқан 68-сессия шеңберінде Қытайдың Атом энергиясы институтының жаңа президенті Zhao Hao мырзамен қазіргі өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды. Екі жақ та өзара тиімді ынтымақтастық мәселесін одан әрі пысықтау туралы ниет білдірді.
Айдахо ұлттық зертханасының ядролық ғылым және технологиялар бөлімшесінің басшысы доктор Jess C. Gehinмен кездесу кезінде біздің ұйымдар арасындағы қазіргі кезде ядролық зерттеу реакторларын конверсиялау жобасын іске асыруға бағытталған өзара іс-қимылды кеңейтудің ықтимал салалары бойынша пікір алмастырылды. Өзара қызығушылықтың жаңа әлеуетті бағыттары белгіленіп, байланысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қытайдың Атом энергиясы корпорациясының Оңтүстік-Батыс физика институтының бас директоры Zhang Libo мырзамен басқарылатын термоядролық синтез бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу саласында серіктестік орнату мәселесі талқыланды. Институт өзінің HL-2A және HL-3 токамактарында озық зерттеулер жүргізеді. Қытайлық ғалымдарды қазақстандық КТМ материалтану токамагының мүмкіндіктері қызықтырып отыр, сондықтан осы бағытта өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024