FNCA-дің физикалық ядролық қауіпсіздік және кепілдіктер жобасы жөніндегі 14-семинары.


11 қазан 2024

 

Ұлттық ядролық орталықта физикалық ядролық қауіпсіздік және кепілдіктер жобасы жөніндегі FNCA семинары өз жұмысын аяқтады.

Апта бойы қатысушылар көптеген мәселе бойынша пікір алмасып, техникалық турлар шеңберінде «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешеніне,
ҚР ҰЯО стендтері мен қондырғыларына барып қайтты.

Қатысушылар семинар тақырыбының жаһандық ядролық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар екенін атап көрсетті. Қарқынды ғылыми-техникалық прогресс кезінде және ядролық технологияларды түрлі салаларда қолдану артып келе жатқан жағдайда физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кепілдіктер бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау мәселесі басымдыққа ие болып келеді. Осы салалардағы ынтымақтастық ядролық материалдар мен технологияларды рұқсатсыз пайдаланумен байланысты қауіп-қатердің алдын алу үшін, сондай-ақ таратпау мәселесінде мемлекеттер арасындағы сенімді қарым-қатынасты қолдау үшін өте маңызды.

международное сотрудничество FNCA исследовательские реакторы Япония семинар РГП НЯЦ РК Республика Казахстан технические туры