31 қазан 2024
Қырғызстан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан және Канада ғалымдарының халықаралық ұжымы дайындаған «Urgent need for greater earthquake resilience in continental Asia» мақаласы осы жылдың қыркүйек айында «Nature Geoscience» журналында (JCR бойынша квартилі – Q1, Scopus ДБ «General Earth and Planetary» санатындағы көрсеткіші 99 процентиль) жарияланды.
Бұл командаға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығы директорының орынбасары Айдын Мұқамбаев қатысты.
Азияда климаттық жағдайы қатал өңірлерде көптеген елді мекенге ландшафтты қалыптастырып, халықты сумен қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді жарылымдардың болуы өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды. Алайда белсенді жарылымдар күшті жер сілкіністерінің ықтимал қаупін туындатады.
Мақала урбанизация нәтижесінде қалалардың жер сілкінісі тұрғысынан артып келе жатқан осалдығын шешуді көздейтін ғылыми зерттеулерге негізделген жаңа тәсілдерді дереу қолдануға шақырады.
Әріптесімізді құттықтаймыз!
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024
11 қазан 2024