13 желтоксан 2024
ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері биылғы қараша айында Марсель қаласында (Франция) өткен Радиоэкология және қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі алтыншы халықаралық конференцияға (6th International Conference on Radioecology & Environmental Radioactivity – ICRER 2024) қатысты.
Конференцияда әлемнің түрлі елдерінен келген радиациялық физика, химия, медицина, биология және экология саласындағы ғалымдар мен мамандар бас қосты.
Қатысушылардың баяндамалары климаттың өзгеруіне, қоршаған ортаны бақылауға, адамның және қоршаған ортаның сәулелену дозаларын бағалауға, радионуклидтердің таралуын модельдеуге және жасанды интеллект арқылы радиоэкологияны дамытуға, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудегі соңғы жетістіктерге және өлшеулер мен метрологиядағы жаңа әзірлемелерге қатысты кең ауқымды бағыттарды қамтыды.
ҚР ҰЯО РМК қызметкерлерінің ғылыми зерттеу нәтижелері «Қоршаған ортадағы радионуклидтердің қозғалғыштығы мен биожетімділігін түсіну және модельдеу» секциясында ұсынылды.
16 қаңтар 2025
30 желтоксан 2024
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024