16 қаңтар 2025
Курчатовта Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында (ҚР ҰЯО РМК) JAEA мамандарының қатысуымен post-EAGLE-3 халықаралық келісімшартын іске асыру мәселесі бойынша техникалық кездесу өткізілді. Келісімшарт шеңберінде Жапония елі әзірлеп жатқан (JSFR) натрий жылу тасығышы бар шапшаң нейтрондардағы төртінші буын реакторының конструкциясын негіздеу мақсатында реакторішілік және реактордан тыс зерттеулер жүргізу мүмкіндігін техника-экономикалық негіздеу жұмыстары орындалып жатыр.
Кездесу барысында реакторішілік және реактордан тыс эксперименттік құрылғыларды жобалаумен байланысты жұмыстардың барлық кезеңі, техникалық талаптары мен мәселелері, сондай-ақ оларды сынау режимдерінің негіздемесі талқыланды.
Жалпы алғанда кездесу жоғары техникалық деңгейде өтті.
Жоба шеңберінде ТЭН орындау нәтижесі бойынша EAGLE эксперименттік бағдарламасын жалғастыру туралы шешім қабылданбақ.
27 наурыз 2025
20 наурыз 2025
07 наурыз 2025
27 ақпан 2025