24 ақпан 2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында «ТВЭЛ» АҚ ресейлік мамандарымен кездесу аясында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі талқыланды.
Сарапшылар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің негізгі аспектілері, оларды кәдеге жарату үшін озық технологияларды пайдалану, кадр даярлау, жұртшылықпен жұмыс істеу бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ұлттық заңнаманы ескере отырып, осы саланы құқықтық реттеу мәселесін қарады.
Анықтама үшін. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы бірегей ядролық зерттеу реакторлары – ИВГ.1М және ИГР, қазақстандық КТМ термоядролық материалтану реакторын, реактордан тыс түрлі эксперименттер жүргізуге арналған қондырғылар мен стендтерді, физикалық және радиоэкологиялық зерттеулердің кең ауқымын жүргізуге арналған мамандандырылған зертханаларды, ядролық сынақтар мониторингінің халықаралық жүйесіне кіретін геофизикалық мониторинг станцияларының желісін қамтитын, ең ірі және заманауи эксперименттік базасы бар еліміздегі атом саласының жетекші ғылыми-зерттеу ұйымы болып саналады.
«ТВЭЛ» АҚ – «Росатомның» ядролық және радиациялық қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару, соның ішінде АЭС-тің реактор қондырғыларымен, бірінші контурдың ішкі корпус қондырғыларымен, сондай-ақ ілеспе РАҚ-пен жұмыс істеу жөніндегі салалық интеграторы. 2021 жылдан бастап «ТВЭЛ» АҚ пайдаланылған ядролық отынмен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, ядролық және радиациялық қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару мәселесі бойынша ТМД елдерінің базалық ұйымы болып саналады.
27 ақпан 2025
24 ақпан 2025
16 қаңтар 2025
30 желтоксан 2024