Қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен құттықтаймыз!


24 ақпан 2025

Мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Субботин Сергей Борисовичті «10500 – Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағымен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 29.11.2024 жылғы № 1136 бұйрығы сайтта жарияланған.

Сергей Борисович ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында 1995 жылдан бастап еңбек етеді. Ғылыми қызығушылығының негізгі саласы – ядролық сынақтардың геологиялық ортаға әсерін зерттеу, радионуклидтердің жерасты сулары арқылы таралу жолдарын зерттеу және т. б. 100-ден астам ғылыми еңбектің бірлескен авторы.

Сергей Борисовичті лайықты атағымен құттықтаймыз! Ғылыми және кәсіби қызметіне алдағы уақытта да мол табыс, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

ассоциированный профессор (доцент)