27 ақпан 2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының тау-кен өндірісі кәсіпорындарын ғылыми-технологиялық дамыту» ғылыми-техникалық сессиясына қатысып, «Қазмырыш» компаниясы белгілеген міндеттердің шешімін іздеуге атсалысты. Бастамашысы «Ғылым қоры» АҚ және ҚР ҒЖБМ болған бұл іс-шара Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ негізінде өтті.
«Карьерлік көлік үшін отын тұтынуды және экологиялық шығарындыны 20%-ға азайту, оның ішінде көлікті сутегі отынына ауыстыру шешімін әзірлеу» міндеті бойынша топтың жұмысы шеңберінде қатысушылар карьерлік көлік үшін жасыл технологиялар мен баламалы энергетиканы енгізу жөніндегі бірлескен жобаны ұсынды.
Отын тұтынуды азайту және шығарындыны 20%-ға азайту, сондай-ақ карьерлік көлікті сутегі отынына ауыстыру бойынша ұсынылған шешімдер индустриялық серіктес пен сала сарапшыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
«Қазмырыш» компаниясы саланың экологиялық және технологиялық дамуы үшін жобаның стратегиялық маңыздылығын атап көрсетіп, бастаманы қолдауға дайын екенін білдірді.
Сессия қорытындысы бойынша жобаны ҒТК (ғылыми-техникалық сессия) сарапшылары мақұлдап, іске асыруға ұсыным берді. Бұл Қазақстанның тау-кен өндірісі саласына келешекте озық сутегі технологияларын енгізуге жол ашады, бұл көміртегі ізін азайтуға және өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда ҚР ҰЯО РМК серіктестермен бірлесіп сутегі технологияларын дамыту бойынша белсенді жұмысты жалғастырып, инвестициялар тарту, техникалық шешімдер әзірлеу және сутегі энергетикасы саласында кадр даярлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мәлімет үшін. ҚР ҰЯО РМК қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі – басқарылатын термоядролық синтез және сутегі энергетикасы технологияларын дамыту. Осы бағыт шеңберінде сутегін алу, оны сақтау және тасымалдау материалдарын, сондай-ақ отын элементтерін алу технологияларын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі.
Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзырет орталығы құрылды.
АЖЖ-разрядты қолдана отырып, пиролиз әдісімен көмірсутегі газынан сутегін алуға арналған инновациялық материалтану базасы, зертханалық қондырғы құрылды.
24 ақпан 2025
24 ақпан 2025
16 қаңтар 2025
30 желтоксан 2024