24 қаңтар 2018
23 қаңтарда қала құраушы кәсіпорынның мәжіліс залында Курчатов қаласы әкімінің ҚР ҰЯО ұжымымен кездесуі өтті. Әкімнің жыл сайынғы есептік кездесуі – Курчатов тұрғындары мен атқарушы билік өкілдерінің өзара байланысының маңызды арнасы.
Бастапқыда барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есептік кездесулерінің бастамасы Президенттің Жарлығымен 2005 жылы көтерілген болатын. Содан бері 13 жыл бойы қала кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымдарымен аталған кездесулерді өткізу қала әкімінің негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қысқаша тоқталатын болсақ Алмас Аманқолұлының 2017 жылға арналған есебіндегі жұмыстардың негізгі қорытындылары қала тұрғындарының өмірін жақсарту үшін жүргізілген іс-шаралар шеңберінде қол жеткізілген нәтижелер, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мен мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалуы болды.
Көпшілігі оң нәтиже көрсетті: орташа айлық жалақы өсті, әлеуметтік бағдарламалар орындалып жатыр, шағын және орта бизнес дамуда, қаланың архитектуралық көркі артты. Қала әкімі 2018 жылға арналған жоспарлар мен жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Біздің кәсіпорынның қызметкерлері өздерінің белгілі бір үміттерін әкімшілік биылғы жылы жоспарлаған жобалармен байланыстырады. Мұндай кездесулердің пайдасы мол, мұнда алдымен кәсіпорындардың қызметкерлері кездесулерде әкімнің өзіне қоятын ұсақ әлеуметтік мәселелер, тұрғын-үй коммуналдық сипаттағы мәселелер шешіледі.
Жалпы алғанда біз әкімнің алғашқы есебі биыл жағымды және сындарлы сипатта өтті деп ойлаймыз. Алмас Аманқолұлы ҚР ҰЯО қызметкерлері көтерген проблемалық мәселелердің бірқатарына оларды шешудегі тиісті шараларды қабылдау мерзімдерін көрсете отырып жауап берді. Есептік кездесуде біздің кәсіпорын қызметкерлері көтерген ұсыныстар мен ескертулердің орындалу барысы туралы әкім өзінің қол астындағыларға тиісті тапсырмалар берді.
Қалалық мәслихат хатшысы Г.Қ.Қарымбаева мен ҚР ҰЯО РМК бас директорының міндетін атқарушы С.А. Березин әкімге толық есебі үшін алғыс білдіріп, атқарушы биліктің бастамаларын және 2018 жылғы алға қойған жобаларын қолдады. Бірлескен күш-жігер мен ең қиын жағдайлардан ойдағыдай шығу туралы айтқан Алмас Аманқолұлының сөзі біздің қызметкерлерге ерекше маңызды бағыт берді: «Ең бастысы біз ұйымшыл болып тұрақтылығымыз бен ынтымағымызды нығайтуымыз және бүгінгі бейбіт өмірімізді жоғалтпауымыз қажет, бізден барлық бағыттар бойынша өте нақты әрі үйлесімді жұмыс талап етіледі».
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024