Сутегі энергетикасы саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселесі жөніндегі семинар


25 сәуір 2025

ҚР Ұлттық ядролық орталығы, China Energy компаниясы және Шанхайдың Цзяотун университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде «Сутегі энергетикасын дамыту саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. 

Семинардың мақсаты Курчатов қаласында Орталық Азияның сутегі энергетикасы ғылыми-техникалық инновациялық орталығын құру жөніндегі жол картасына енгізілетін ұсыныстарды әзірлеп, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылау болды.

Семинарға қатысушылар сутегі технологияларын дамыту мәселесі жайлы баяндамаларын ұсынды. Семинар қорытындысы бойынша жол картасын әзірлеу нысаны мен мерзімі, Қытай делегациясының Курчатов қаласына сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және сутегі энергетикасы үшін ғылыми кадр даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктері талқыланды.

Онлайн-семинар халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы және «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен ғылыми-техникалық күш-жігерді үйлестірудегі маңызды кезең болды. Жұмыс бұған дейін белгіленген кестеге сәйкес жалғастырылып жатыр, ал Курчатовта бірлескен орталық құру бастамасын іске асырудың практикалық мазмұны артып келеді.

международное сотрудничество семинар водородная энергетика Китай