09 ақпан 2018
Радиациялық қауіпсіздік саласындағы Ұлттық ядролық орталық пен Үлбі металлургия зауытының алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелері «Үлбі-ЖБЖ» ЖШС мен Үлбі жобалау-конструкторлық институты қызметкерлерінің ҚР ҰЯО-ға сапары барысында қаралды.
Аталған мәселе бойынша бұл алғашқы кездесу емес, Ұлттық ядролық орталық «ҮМЗ» АҚ-ға тиесілі «Қаражал» кен орны пайдалануға берілген 2012 жылдан бастап кен орнындағы тұрақты радиациялық бақылауды және радиоэкологиялық мониторингілеуді қамтамасыз етіп келеді, оған: су ортасын радиациялық мониторингілеу, игерілетін аумақты радиациялық мониторингілеу, өндірілетін кенді және жанасқан тау жыныстарын радиациялық бақылау, өнеркәсіптік және тұрғын аймақтағы персоналды жеке дозиметрлік бақылау кіреді.
Бұдан басқа, кәсіпорындар арасындағы шарттар шеңберінде 2016жылы «ҮМЗ» АҚ жобалайтын объектілердің «Әлеуетті радиациялық қауіп-қатер санатын негіздеу» әзірленді, 2017 жылы ЖБЖ өндірісі жұмыстарының класын белгілеу жұмыстары, ал 2018 жылы ЖБЖ өндірісінің әлеуетті радиациялық қауіп-қатер санаты негізделді.
Қазіргі уақытта «Қаражал» кен орнындағы жұмыстарды, сондай-ақ басқа да объектілер мен учаскелердің әлеуетті радиациялық қауіп-қатер санатын негіздеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024