03 наурыз 2018
2018 жылғы 20 – 22 ақпан аралығында Вена қаласындағы МАГАТЭ штаб-пәтерінде азаматтық секторда жоғары байытылған уранды (ЖБУ) пайдалануды төмендету жөніндегі жұмыс топтарының бірлескен мәжілісі болып өтті, бұл 2018 жылғы 5 – 7 маусымда Осло қаласында (Норвегия) жоспарланып отырған ЖБУ пайдалануды барынша азайту жөніндегі ірі халықаралық симпозиумға дайындықтың маңызды кезеңі болды. Қазақстандық тараптан мәжіліске ҚР ҰЯО бас директоры Э.Ғ. Батырбеков қатысты.
Жұмыс топтары мынадай бағыттар бойынша құрылды:
Мәжіліс барысында жұмыс топтарының бағыттары бойынша ЖБУ пайдалануды барынша азайту қызметінің қазіргі ахуалы мен ілгерілету мәселелері талқыланып, ЖБУ пайдалануды азайтудың негізгі техникалық, құқықтық, саяси және қаржы мәселелері тұжырымдалды.
Қарастырылған мәселелердің Қазақстан Республикасы үшін өзектілігін ескере отырып, қазақстандық тарап бірқатар ұсыныстар енгізді, олар қабылданып, қорытынды құжатта көрсетілді. Аталған құжатты Осло қаласында өтетін симпозиумда халықаралық сарапшылар панелдік пікірталастар шеңберінде талқылайтын болады, оның барысында азаматтық ядролық секторда ЖБУ пайдалануды барынша азайту мәселелері, ұлттық және қалықаралық деңгейде күш салу туралы түсінік алу, сондай-ақ осы бағытта қосымша күш салуды жандандыру басты назарда болмақ.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024