16 наурыз 2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының медициналық және жабық түзеу мекемелеріндегі рентген жабдығының (медициналық, тексеру) пайдалану параметрлерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. 2018 жылдың басынан жұмыстар «географиясына» Алматы облысы қосылды.
Рентген жабдығының пайдалану параметрлерін бақылау жұмыс орнына бару арқылы шарттық негізде жүргізіледі және соңынан жабдықтың өлшенген сипаттамалары көрсетілген хаттама мен орнату сипаттамаларының нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беріледі.
2017 жылы 328 диагностикалық рентген аппараты тексерілді, оның ішінде аппараттардың 88 %-ында ҚР нормативтік талаптарынан ауытқушылық болған жоқ, қалған 12%-ына ауытқушылықтарды жойғанға дейін пайдалануға рұқсат берілген жоқ.
2018 жылдың бірінші тоқсанында диагностикалық рентген және тексеру аппаратының 48 бірлігі тексеріліп, оның біреуінде ғана ауытқушылық тіркелді.
Пайдалану параметрлерін бақылау дегенді қалай түсінуге болады?
Бұл ең алдымен рентген аппараттарының бейнелеу сапасына, сәйкесінше алынатын диагностикалық ақпараттың сапасына, сондай-ақ пациент пен персоналдың сәулелену дозасының деңгейіне әсер ететін негізгі сипаттамаларын бақылау. Бақылаудың бұл түрі жабдықтың ағымдағы жай-күйі мен оның жұмыс сапасын бағалау бойынша маңызды іс-шара болып табылады. Өйткені түптеп келгенде пациент алатын, ал кейбір жағдайларда дәрігер-рентгенолог алатын доза жабдықтың жұмыс істеу сапасына тәуелді болады.
Бақылаудың аталған түрі бойынша алғашқы талаптар Қазақстан Республикасында 2008 жылы енгізілді және «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» енгізілді. Бұл талаптар анод кернеуі және уақыт экспозициясы қондырғысының тұрақтылығы, жаңартылуы және дәлдігі, рентген түтікшесінің радиациялық шығысы, сәулелену шоғының геометриясын бақылау, фотопроцесті бақылау параметрлерін регламенттейді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024