28 наурыз 2018
Атом саласы үшін кәсіби кадрлар даярлау
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен ҚР Ұлттық ядролық орталығы арасында жасалған екі жақты шарт шеңберінде, сондай-ақ атом саласы үшін кәсіби мамандар даярлауда практикалық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында 2018 жылғы наурыздың екінші жартысында ҚР ҰЯО-ның Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасының 2-курс студенттерімен ҚР Ұлттық ядролық орталығында өндірістік практика өту бойынша кезекті кездесу өткізді.
Өндірістік практиканы өту бойынша емтихан кезеңдері әзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі, ол төрт негізгі блоктан тұрады: ҚР ҰЯО қызметімен егжей-тегжейлі танысу, техникалық физика бойынша тапсырмаларды шешу, эссе жазу (практика өтудің уәждемелік аспектісі) және әрбір үміткермен үш тілде жеке әңгімелесу.
Барлық өткен тапсырмалар кешенді тексерілгеннен кейін қорытындысы шығарылып, ҚР Ұлттық ядролық орталығында өндірістік практика өтетін студенттер анықталады.
ҚР ҰЯО-ның Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі өткізетін кәсіби бағдарлау жұмысы жүйелі сипатта екенін және мұндай жұмыстың мектепте оқып жүрген кезде басталатынын айта кету қажет. Жоғары сынып оқушылары үшін Кеңес мүшелері тек экскурсиялар ғана емес, әртүрлі іс-шараларды да ұдайы өткізіп тұрады. Мектеп оқушылары қызықты қарым-қатынас барысында атом энергетикасымен, оның қауіпсіздік негіздерімен танысып, салада талап етілген мамандықтардың барлық артықшылықтарын білетін болады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024