06 сәуір 2018
Биологиялық бағыттағы зерттеулер
Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық ядролық орталықтың мамандары Семей сынақ полигонының экожүйесіндегі радионуклидтердің ұтқырлығын сипаттайтын ауқымды бірегей деректерге ие болды.
Алынған деректердің нәтижесінде ССП аумағының радиоактивті ластану мәселесін шешуге бағытталған іс-тәжірибелік ұсыныстар мен өсімдік шаруашылығы өнімдеріне радионуклидтердің өтуін төмендету шараларының кешені әзірленуде.
Өткізілген зерттеулердің толықтығы мен көпқырлығына қарамастан, қоршаған ортаның әсер етудегі көпфакторлығымен байланысты алынған деректерді интерпретациялауда белгілі бір қиындықтар туындады. Бұл дегеніміз, топырақтан өсімдікке радионуклидтердің өтуі барысында нақты қандай да бір әсер ету факторларын бөліп алып қарау қиын болды. Сол себепті бақылаудағы жағдай барысындағы зерттеулердің – ғылыми жұмыстардың жоғары деген деңгейіне өту қажеттілігі пайда болды.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін №26 зертханалық корпусты қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды, бұл жерде бұған дейін биологиялық бағыттағы жұмыстар полигон қызмет жасаған уақыттан бастап жүргізілген болатын. Қалпына келтірілген корпус 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріліп, заманауи жабдықпен жарақталды. Аталған жұмыстар ҚР ҰЯО-ның бюджеттен тыс келісімдері мен шарттарының есебінен іске асырылды.
ҚР ҰЯО мамандары осы екі жыл ішінде бақылау жағдайындағы қандай зерттеулерді іске асырды? Бұл сұраққа экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің бастығы Андрей Паницкий жауап береді:
- Жаңа корпус пен жаңа заманауи жабдықтың арқасында ауыл шаруашылық және жабайы өсетін өсімдіктерге радионуклидтердің өту үдерісіне әсер ететін нақты факторларды бағалау бойынша жұмыстар, топырақтың физика-химиялық қасиетін өзгерту жолымен өсімдіктердегі радионуклидтердің биоқолжетімділігіне әсер ету мүмкіндігін зерттеу, өсімдіктерге радионуклидтердің өтуіне түрлі тыңайтқыш түрлерінің әсер етуін анықтау және басқа да көптеген жұмыстарды өткізуге мүмкіндік туды.
Осымен қатар, қазіргі уақытта "топырақ – су – өсімдік", "өсімдік – атмосфералық ауа" жүйесіндегі тритийдің түрлі формаларының ассимиляциялануы және жылыстау ерекшелігін зерттеу бойынша үлгідегі тәжірибелердің тобы аяқталғанын атап өтуге болады. Алынған тәжірибелік деректер ССП экожүйесінде тритийдің мүмкін деген жылыстау ағыстарын болжауға және тритиймен ластануға бейім аумақта, мысалы АЭС әсер ететін аймақта, биологиялық мониторингілеу принципін әзірлеуге негіз болып табылады.
Біздің 2018-2019 жж. деген жоспарымыз үлкен, бақыланатын жағдайда ауыл шаруашылығы мен жабайы өсетін өсімдіктерге техногенді радионуклидтердің (137Cs, 90Sr, 239+240Pu, 241Am және басқ.) өту параметрлерін алуға және өсімдіктерді өсіруде гидропондық дақылдар жағдайында радионуклидтердің өтуінің тәжірибелік зерттеулерін өткізуге ниеттеміз.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024