19 сәуір 2018
Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ғылыми-техникалық қолдау көрсету аясындағы көп жылғы жұмыс тәжірибесінің, сондай-ақ бірегей ғылыми-техникалық базасының болуы ҚР Ұлттық ядролық орталығының сәулет, қала құрылысы және құрылыс аясындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға арналған І санатты лицензияны алуы үшін негіз болды.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰЯО-ның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін орындауға ғана осы тәрізді (І санатты) лицензиясы болды. Енді кәсіпорын тек жобалау саласындағы қызметті ғана емес, кез келген жауапкершілік деңгейіндегі (І (жоғары) санатты қоса алғандағы) объектілерде құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындауға құқылы.
Мұндай объектілерге: қауіпті өндірістік объектілер; атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері); І, ІІ және ІІІ сыныпты уытты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму жөніндегі полигондар; қуаты 150 мВТ (Мега Ватт) және одан жоғары жылу энергетикалық ғимараттар мен үй-жайлар жатады.
Жауапкершілігі І (жоғары) деңгейдегі объектілерде жұмыстар орындау үшін кәсіпорынның жобалау қызметін және жауапкершілігі І (жоғары) деңгейдегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлер штатымен жабдықталғанын, сондай-ақ аталған санатқа қойылатын біліктілік талаптарына (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өндірістік база және т.б.) толық сәйкес келетінін атап өту қажет.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024