23 сәуір 2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы авторлық құқық объектісіне – «Семей ядролық сынақ полигонының радиоэкологиялық жай-күйі» деректер базасына құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды.
Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО-да бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағына қатысты үлкен көлемді ақпарат жинақталған, бұл – әртүрлі ұйымдар орындаған ғылыми-зерттеу бағдарламаларының, коммерциялық жобалардың нәтижелері.
Деректерді сақтау, уақтылы қол жеткізу және тиімді өңдеумен байланысты мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ ССП-да кешенді зерттеулер жүргізу үшін геоақпараттық жүйелерді қолдану ерекше пәрменді болып табылады. Соның нәтижесінде қызметкерлер алынған сынамалардың жалпы сипаттамаларын, сондай-ақ оларды талдаудың гамма-спектрометрлік, радиохимиялық, химиялық және басқа да түрлері туралы бірегей ақпаратты қамтитын, тексеру нәтижелерін сақтауға арналған деректер базасын әзірледі. Ол аумақтың қазіргі радиоэкологиялық ахуалын бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бірқатар мониторингілік функциялары бар.
«Бүгінгі күні деректер базасы 1997-2018 жылдар аралығында жинақталған ақпаратты қамтиды және деректер көлемі артып келеді. Құрылған деректер базасы бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерін халық шаруашылығы айналымына беру мүмкіндігін бағалау мақсатында ССП аумағында радиоэкологиялық ахуалға мониторинг жүргізу, соңынан оның аумағын аймақтарға бөлу үшін жақсы ақпараттық негіз болып табылады»,- деді ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024