27 сәуір 2018
2018 жылғы 20-21 сәуірде Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалында студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың Астананың 20 жылдығына арналған «Ломоносов-2018» ХІV халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Аталған конференцияға қатысу үшін әлемнің әр еліндегі жас ғалымдардан 450-ден астам тезис кеп түсті. Іс-шараға 154 үміткер қатысып, ауызша баяндамалар жасады. Пленарлық отырыс жеті секцияда өтті. «Өңірлік экологиялық мәселелер: заманауи әдістер мен тәсілдер» секциясына ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары қатысып, мына тақырыптар бойынша ауызша баяндамаларын ұсынды:
- «Ауыл шаруашылығы малдарының жілік майындағы стронций-90-ның мөлшерін бағалау» (Байғазы Сымбат);
- «Радиоактивті ластанған аумаққа жырту әдісімен рекультивация жүргізу тиімділігін бағалау» (Байсеркенова Тоқжан);
- «ССП-ның табиғи өзендерінде радионуклидтік ластанудың таралуын зерттеу» (Мамырбаева Айнұр);
- «Сынақ полигоны аумағында ластанған сулардың қалыптасу жағдайларын зерттеу» (Тоқтағанов Тоғжан).
Сөз сөйлеу қорытындылары бойынша Айнұр Мамырбаеваға Студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2018» ХIV халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпазы атағы беріліп, қорытынды пленарлық отырыста І дәрежелі диплом табыс етілді.
Ұйымдастыру комитеті Ұлттық ядролық орталық ғалымдарының жоғары жұмыс деңгейі мен дайындығын атап өтті. Біздің үміткерлердің жұмыстары әділ қазылар мүшелерінің, тыңдаушылар мен қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Ұйымдастырушылар жас ғалымдарды конференцияға жыл сайын қатысып тұруға шақырды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024