01 маусым 2018
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстандық-жапондық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылау мақсатында ҚР Ұлттық ядролық орталығына TOSHIBA және Marubeni Utility Services, Ltd (Жапония) компаниялары келіп қайтты. Делегацияны TOSHIBA компаниясының вице-президенті Yanase Goro бастап келді.
Жапония мамандары үшін «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешені мен қазақстандық КТМ материалтану токамагына техникалық тур ұйымдастырылды. Сондай-ақ техникалық кездесу өткізіліп, бірлескен зерттеулерді іске асыру нәтижелері қарастырылды және жаңа ғылыми жобалар талқыланды.
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстандық-жапондық ынтымақтастықтың 20 жылдан асатындығын атап көрсету қажет. Осы жылдар аралығында ҚР ҰЯО-ның эксперименттік базасында бірегей зерттеулер жүргізіліп, ауыр аварияларды зерделеу және олардың салдарын жою саласындағы жобалар іске асырылды.
Атап айтқанда, TOSHIBA және Marubeni Utility Services, Ltd компанияларымен «Фукусима-1» АЭС-інің авариялық реакторларының актив аймағы балқымасының қатып қалған бөлшектерін алып шығу технологиялары мен конструкцияларын негіздеуде зерттеулер жүргізілді.
ҚР Ұлттық ядролық орталығында модельдік эксперименттер нәтижесінде «Фукусима-1» АЭС-інің авариялық реакторының актив аймағы материалдарының балқымасы алынды, сондай-ақ оның физикалық және химиялық қасиеттеріне зерттеулер жүргізілді. Эксперименттердің нәтижесінде жапондық мамандар үшін «Фукусима-1» АЭС-і реакторының актив аймағының қатып қалған балқымасымен жұмыс істеу жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.
Сонымен қатар жоғарыда аталған жапондық компаниялармен бірлесіп, сумен салқындатылатын реактодың актив аймағы балқымасының реактордың астындағы балқыма тұтқышқа арналған жоғары температуралы әртүрлі қорғаныс материалдарымен өзара әрекеттесу процесін эксперименттік зерттеуге бағытталған CORMIT жобасы іске асырылды.
Қазіргі кезде үш қаржы жылына есептелген CORMIT-2 жобасының екінші сатысы шеңберіндегі жұмыстарды жалғастыру үшін келіссөздер өткізіліп, келісімшартқа қол қоюға дайындық жүргізілуде.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024