29 маусым 2018
Семей сынақ полигоны жабылғаннан бері 27 жыл өтті, бірақ экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері әлі де өзекті. Мәселе күрделі және ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары радиацияның әсерін айтарлықтай азайту үшін күш салуда.
ҚР ҰЯО РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Эрлан Батырбеков біздің порталға берген сұхбатында осы салада қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті.
— Қазақстандық БАҚ-та Семей сынақ полигонының (бұдан әрі - ССП) жерлері бойынша радиоэкологиялық қауіпсіздік кепілдемесінің мәнмәтінінде Ұлттық ядролық орталық туралы көп жазылады. Бұрынғы ССП-дағы радиациялық жағдайды жақсарту мәселесін аяқтау үшін қанша уақыт қажет?
— Бұрынғы Семей сынақ полигонындағы радиациялық жағдайды бағалау 1994 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Бастапқыда зерттеулер эпизодтық сипатта болды. Оқытылған персоналдың, жабдықтардың, қаржыландырудың болмауы әсер етті.
Уақыт өте келе бұл мәселелер шешілді, 2004 жылдан бастап полигонды тексеру тұрақты негізде жүргізіле бастады. «Бұрынғы Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы құрылып, бекітілді және қазіргі уақытта да қолданыста.
Эрлан Батырбеков, ҚР ҰЯО РМК бас директоры,
Бұрынғы полигон жерінің 56%-дан астамы тексерілді.
Бүгінгі күні аталған бағдарлама шеңберінде полигон аумағының ауданы 10410 км2 (полигонның жалпы ауданының 56,3%-ы) болатын бір бөлігіне кешенді экологиялық тексеру жүргізілді, сондай-ақ ауданы 770 км2 «Балапан» сынақ алаңының аумағы зерделенді.
Қазіргі уақытта полигонды тексеру нәтижелері бойынша жалпы ауданы 9970,45 км2 аумақта жаһандық түсулер аясы деңгейінде техногендік радионуклидтердің бар екендігі және тиісінше, адамдар мен қоршаған орта үшін қауіп төндірмейтіні анықталды, сондықтан оны шаруашылық мақсаттарда шектеусіз пайдалануға болады. Сынақтардың салдарын жою үшін «Тәжірибе алаңы» және «Дегелең» алаңдарында неғұрлым ластанған учаскелерді қайта құнарландыру бойынша жұмыстар басталды. «Тәжірибе алаңында» көлемі ~70 м3 ластанған топырақ алынып, кейіннен «Байкал-1» қоймасының аумағына ұзақ сақтауға орналастырылды.
Осы учаскелерге іргелес жатқан ауданы 5,05 км2 аумақта радиоактивті ластану деңгейін төмендету тереңдетіп жырту көмегімен қамтамасыз етілді.
«Дегелең» алаңында 0,065 км2 алаңда 40 штольняның неғұрлым ластанған портал маңы учаскелерінің аумағына таза топырақ себу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Семей сынақ полигонын тексеру
«Тәжірибе алаңы» және «Дегелең» алаңдарындағы ядролық сынақтар, сондай-ақ «4» және «4А» алаңдарындағы әскери радиоактивті заттар (ӘРЗ) сынақтары жүргізілген жерлерге кіруді шектеу үшін қолжеткізуді шектеу жүйелері құрылды.
2021 жылы атап өтілетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында полигонның бүкіл аумағын кешенді экологиялық тексеруді аяқтау жоспарлануда, бұл меншікке немесе жер пайдалануға беруге болатын ССП аумағын айқындауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қандай да бір шектеулермен пайдалануға болатын аумақтарды және босалқы жерлер болып қалуы тиіс аумақтарды анықтау жоспарлануда.
Осылайша, 2021 жылы қолданыстағы радиоэкологиялық жағдайға сәйкес ССП шекарасын анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат алынатын болады.
Сауықтыру шаралары
- Ластанған жерлерді оңалту үшін қандай жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырсыздар?
- Радиоактивті ластанған объектілерге физикалық қолжеткізуді шектеу және радиоактивті ластануды жою немесе неғұрлым қауіпті учаскелерде оның деңгейін төмендету үшін сынақтардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында «Бұрынғы Семей сынақ полигонының ластанған жерлерін оңалту» бағдарламасы әзірленді.
Аталған бағдарлама бойынша жұмыстар 9 жылға есептелген және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтардағы қоршаған табиғи ортаны сауықтыруға бағытталған.
Полигонның радиоактивті ластанған жерлерін оңалту бірқатар шаралар кешенін:
Алайда полигон жерлерін оңалтуды толық жүргізу мүмкін емес және мақсатқа лайық емес екенін түсіну керек.
Сынақ алаңдары іс жүзінде босалқы жерлердің құрамында біржола қалады, оларға қол жеткізу шектеулі болады.
Бұл аумақтар радиоактивті ластанған объектілердің радиациялық мониторингі жүйесінің жұмыс істеуі және ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы тұрақты бақылау орнына айналады.
Табиғи ортадағы радионуклидтердің мөлшері және бақыланатын аумақтардан тыс жерлердегі халыққа түсетін дозалық жүктемелер ҚР-да белгіленген нормативтерден аспайды.
Полигон – бұл Қазақстан ғалымдарына ядролық сынақтар жүргізуден, сол сияқты авариялық жағдайлардан туындаған қоршаған ортаның радиоактивті ластануының ұзақ мерзімді салдарын зерделеге мүмкіндік беретін бірегей объект.
АЭС – орынды нұсқа
- Сіздің ойыңызша, неге біздің қоғамда Қазақстанда АЭС салуға деген теріс көзқарас қалыптасты? Бүгінгі таңда елге атом электр станциясы қажет пе?
- Егер АЭС салумен озық халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, қажетті біліммен қаруланып, ғалымдардың, жобалаушылардың, құрылысшылардың білікті персоналын даярлап және кәсіби пайдаланушы ұйымдарды құра отырып айналысатын болса, Қазақстанның ұлттық атом энергетикасын құруға байланысты ерекше теріс тәжірибесі көрінеді деп пайымдауға ешқандай негіз жоқ.
Сонымен қатар, жинақталған халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, егер адамзат атом ядросының энергиясын игеру процесінде алған оң және теріс сабақтарын дұрыс қолданса, ұлттық атом энергетикасын қауіпсіздік пен экономикалық тиімділіктің өте жоғары деңгейінде дамытуға болады.
АЭС оларды пайдалану режимдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты электр энергетикасында базалық қуаттар құру міндетін шешудің тамаша нұсқасы болып табылады.
Сала үшін кадрларды қайдан алуға болады?
- Қазір көптеген талапкерлер қай оқу орнына түсу туралы көп ойланады. Атом саласы үшін жас кадрларды қандай қазақстандық ЖОО дайындайды?
- Білікті кадрлардың болуы кез келген саланың, әсіресе атом энергетикасы сияқты ерекше саланың ойдағыдай дамуының өте маңызды аспектісі болып табылады.
Республиканың атом саласына арналған жаңа кадрлар даярлау мәселесіне келетін болсақ, бұл бағытта Ұлттық ядролық орталық қазақстандық жоғары оқу орындарымен өзара белсенді іс-қимыл жасайды.
Ұйымның негізінде университет кафедраларының 5 филиалы ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Біз жоғары білікті қызметкерлеріміздің басшылығымен бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері үшін лекциялық сабақтар мен практикадан өтуді ұйымдастырамыз.
ҰЯО-ның жетекші ғалымдары емтихан қабылдау және дипломдық жобалар мен диссертацияларды қорғау бойынша мемлекеттік аттестациялық комиссиялардың құрамына кіреді.
Негізінен ҰЯО-ға Шығыс қазақстан облысы университеттерінің: Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ( Семей), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері келеді.
ҰЯО сондай-ақ біздің жұмысымызға жақын «Ядролық физика», «Техникалық физика», «Аспап жасау», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Экология» және т.б. бағыттары бойынша білім алып жатқан Қазақстан мен Ресейдің басқа қалаларынан келген студенттерді қабылдайды.
Көбі кейіннен ҚР ҰЯО-ға жұмысқа келеді.
ҰЯО негізінде кафедра филиалдарының жұмыс істеуі кәсіпорынның жас ғалымдарына өздерінің зерттеулері үшін ядролық зерттеу реакторларын, эксперименттік қондырғыларды және заманауи талдамалық жабдықтарды қамтитын бірегей эксперименттік базаны пайдалана отырып, іс жүзінде өндірістен қол үзбей PhD докторантурада оқудан өтуге мүмкіндік береді.
Евгения Скалей
Жалғасы бар
Фотоны ҚР ҰЯО баспасөз қызметі ұсынды
https://365info.kz/2018/06/k-2021-godu-uchenye-yadershhiki-zavershat-obsledovanie-byvshego-poligona/
https://static.365info.kz/uploads/2018/06/cdb5589896cca4e9b6663e0448b427c9-e1530246712826.jpg
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024