08 желтоксан 2016
2016 жылғы 29-30 қараша аралығында Токиода (Жапония) Азиядағы Ядролық кооперация форумына (Forum of Nuclear Cooperation in Asia, FNCA) қатысушы елдердің министрлері деңгейіндегі кеңесі өтті.
Форум жұмысына ҚР ЭМ вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен ҚР ҰЯО РМК бас директоры, Қазақстан Республикасы атынан FNCA үйлестірушісі Эрлан Батырбеков қатысты.
Кеңеске қатысушыларды ғылыми және технологиялық саясат мәселелері жөніндегі мемлекеттік министр Ёсуке Цурухо мырза құттықтады.
Кеңес барысында Форумға қатысушы елдердің энергетика, ғылыми және қолданбалы зерттеулер саласындағы ядролық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалып, FNCA кеңестерінің реформасын ілгерілету және FNCA қызметін басқару мәселелері талқыланды.
Шақырылған қонақ ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Ядролық энергия агенттігінің бас директоры Уильям Д.Магвуд мырза сөз сөйлеп, ЭЫДҰ Ядролық энергия агенттігі және FNCA арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен болжалды тақырыптары жайлы айтты.
Кеңес аясында «Мүдделі тараптарды тарту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізіліп, онда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, ядролық технологияларды энергетикалық және/немесе энергетикалық емес мақсатта пайдалану саласындағы мүдделі тараптарды тартудың озық тәжірибелері қарастырылды.
Кеңес жұмысының қол жеткізген нәтижелері бірлескен коммюнике түрінде ресімделді.
Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің шақыруы бойынша қазақстандық делегация Фукусима-1 АЭС-іне және Chiyoda Technol Corporation алаңдарына барып, алдағы ынтымақтастық туралы бірқатар жұмыс мәселелері мен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарын талқылады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024