26 шілде 2018
2018 жылғы 19 шілдеде Токио қаласында (Жапония) Азиядағы Ядролық кооперация форумының (FNCA) ірі лауазымды тұлғаларының 19-шы кеңесі өтті. Кеңесті Жапония Министрлер кабинетінің хатшылығы (CAO) ұйымдастырды.
Кеңес жұмысына FNCA-ге қатысушы 12 елдің: Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд және Вьетнам елдерінің делегаттары қатысты.
Кеңесте Қазақстан Республикасын ҚР ҰЯО РМК бас директоры, еліміздің атынан FNCA үйлестірушісі Э.Ғ. Батырбеков таныстырды.
Кеңестің жеті сессиясы бойы қатысушы елдер делегаттары бірқатар мәселелерді қарады. Атап айтқанда, 2017 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған министрлер деңгейіндегі кеңеске жоғары баға берілді. Сондай-ақ пікірталастар бағыттары, алда тұрған министрлер деңгейіндегі 2018 жылғы кеңестің күн тәртібі талқыланды, панельдік зерттеулерге шолу жүргізіліп, Форумның қатысушы елдерінің үздік командалары марапатталды.
Кеңестің соңында Эрлан Батырбеков атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша жапондық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
Қазақстан Форумның ең белсенді қатысушыларының бірі болып табылатынын атап өту қажет. Қазақстанда жыл сайын әртүрлі деңгейдегі кеңестер мен семинарлар өтеді. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық технологиялар паркі негізінде биылғы жылдың қазан айында өтетін FNCA халықаралық семинарына дайындық жүріп жатыр.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024