02 тамыз 2018
2018 жылғы 1 тамызда қалалық Мәдениет үйінде «Жомарт жүрек» («Щедрое сердце») сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы шеңберінде жыл сайын Қазақстанның әрбір облысында, қалалар мен аудандарында әртүрлі номинациядағы жеңімпаздарға сыйлықтар тапсыру рәсімі өтеді.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, табысы аз отбасыларға, ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балаларға, ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясы бойынша лауреат атанды.
ҚР ҰЯО РМК «Байкал» филиалына әлеуметтік маңызды және қайырымдылық жобаларын тиімді іске асырғаны үшін, сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсетудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және қаладағы қоғамдық маңызы бар іс-шараларға тұрақты түрде демеу көрсеткені үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша мүсінше табыс етілді.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының ағылшын тілі аудармашысы Досжанова Айымгүлге еріктілер қызметіне белсене қатысқаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясындағы сыйлықтың табыс етілуі жиналыс соңындағы жақсы сәт болды. Айымгүл бірнеше жыл бойы табысы аз және көп балалы отбасылардың балаларына ағылшын тілі сабақтарын тегін береді және ең бастысы әрбір баламен жеке айналысады.
- Бүгінгі күні меценаттық біздің кәсіпорындардың басшылары мен бизнесмендердің табыстылығының және жеке әлеуметтік жауапкершілігінің белгісі болып табылады. Біздің қаламызда жомарт жүректі, қаланы дамыту мен гүлдендіруге қатысу қажеттігін рухани жоғары сезінетін адамдар тұрады, - деп өз сөзінде Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Алексей Глазинский атап өтті және Курчатов қаласы тұрғындарының және өзінің атынан барлық меценаттарға олардың игілікті істері үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ «Туған өлке» номинациясында «ЯТП» АҚ кәсіпорны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Жыл тұлғасы» номинациясында Рыспаев Қуаныш «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары атанды.
Лауреаттарды құттықтаймыз, пайдалы әлеуметтік және қайырымдылық қызметті одан әрі жалғастырып, қаламыздың игілігіне арналған әлеуметтік бастамаларды іске асыруда табысты тәжірибе үлгісі болуды тілейміз.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024