13 тамыз 2018
6 – 8 тамыз аралығында АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік жөніндегі әкімшілігі (DOE/NNSA) және АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі (DOD/DTRA) мамандары ҚР Ұлттық ядролық орталығында болып қайтты.
Сапар барысында делегация Ұлттық ядролық орталықтың зерттеу базасын, сондай-ақ бұрынғы ССП алаңдары – Дегелең және Тәжірибе алаңын аралап, бұрынғы ССП қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі ағымдағы жобаларды талқылады.
Еске сала кететін жайт, биыл Қазақстан мен АҚШ ұйымдарының арасындағы ынтымақтастыққа 25 жыл толады. Осы жылдар аралығында бұрынғы ССП-дағы ядролық сынақтар инфрақұрылымын жоюмен, БН-350 реакторын пайдаланудан шығарумен, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қолдау көрсетуде сейсмикалық мониторинг желісін құрумен және зерттеу реакторларының отынын байытуды төмендетумен байланысты бірлескен жобалар жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО РМК-ның зерттеу реакторларын конверсиялау бойынша бірлескен жұмыстар жалғастырылуда, сондай-ақ ССП-дағы ядролық сынақтардың салдарын жою жөніндегі бірқатар мәселелер шешілуде.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024