22 қараша 2018
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Техникалық ынтымақтастық (ТЫ) бағдарламасы – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімді құралы. Қазақстанның МАГАТЭ-мен ТЫ шеңберіндегі ынтымақтастығы біздің мамандарымыздың заманауи технологияларға қол жеткізуіне, оларды өнеркәсіпте қолдануға, ядролық білімдерін жинақтап, алмасуға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.
Ұлттық ядролық орталық 2008 жылдан бері бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында алдағы уақытта оны шаруашылық айналымына беру мүмкіндігін бағалау мақсатында кешенді зерттеулер жүргізіп келеді. МАГАТЭ 2010 жылдан бастап «Бұрынғы Семей сынақ полигоны (ССП) жерін шаруашылық пайдалануға беру жұмыстарын ғылыми-техникалық қолдау» жобасы шеңберінде оны жүзеге асыруда үлкен ғылыми және техникалық қолдау көрсетіп келеді. ≈18,3 мың кв.км жерді алып жатқан бұрынғы полигон аумағының ауқымдылығын ескерер болсақ, қазақстандық ғалымдардың алға қойған міндеті – ССП жерінің радиациялық ластануын бағалау жөніндегі ғылыми деректерді МАГАТЭ өкілдері мен халықаралық сарапшылардың растауы болып табылады.
Биылғы жылғы қарашаның алғашқы онкүндігінде ҚР Ұлттық ядролық орталығына Еуропа бөлімшесінің, сондай-ақ Қазақстанның бағдарламаларын басқару жөніндегі жетекшісі, МАГАТЭ Техникалық кооперация дпепартаментінің өкілі Катерина Дюфрейнс (Katherina Deufrains) келіп қайтты. Оның сапары ең алдымен МАГАТЭ сарапшыларының біздің мамандарға жобалардың тақырыптары бойынша консультациялық қызмет көрсетуіне көмектесуге, ұлттық жобаларды бақылау мен ұйымдастыруға және алдағы уақытта жабдықтарды жеткізуге бағытталған.
Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес биылғы жылғы 19 – 23 қараша аралығында МАГАТЭ-нің тағы бір сарапшысы Джоанна Браун (Joanne Brown) Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері үшін ТЫ жобасы шеңберінде жүргізілетін зерттеулердің сапасын бақылау бойынша семинар өткізеді. Оқу барысымен бір уақытта ұлттық жобалардың негізгі орындаушыларымен жұмыс нәтижелерін және алдағы уақыттағы іске асыру жоспарларын талқылау бойынша жұмыс кездесулерін өткізу көзделген.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024