17 сәуір 2019
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жас маманы Олеся Марченконың «Бұрынғы Семей сынақ полигонының «Дегелең» алаңындағы ауа ортасындағы НТО және НТ түріндегі тритий мөлшерінің деңгейлері» атты жұмысы академик М.А. Усов атындағы студенттер мен жас ғалымдардың ХХІІІ халықаралық ғылыми симпозиумында жоғары бағаға ие болды.
«Геология және жер қойнауы мәселелері» тақырыбындағы симпозиум Томск Ұлттық политехникалық зерттеу университетінде Табиғи ресурстардың инженерлік мектебінің негізінде өткізілді және академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және профессор К.В. Радугиннің туғанына 120 жыл толу мерейтойларына арналды.
Бірнеше күн бойы ғылымның әртүрлі саласындағы 19 секцияда әлемнің әр елдерінен келген жас ғалымдар мен мамандар 200-ден астам ауызша баяндама жасады. Олеся Марченконың баяндамасы «Геология, қоршаған ортаны қорғау және күзету» секциясында ұсынылып, қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024