04 шілде 2019
2014-2019 жылдар аралығында ҚР ҰЯО РМК «Байкал-1» ЗРК объектісінде Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеті, Шимане университеті (Жапония), ДСМ МРҒО ФМБМ (Ресей) медициналық-экологиялық дозиметрия және радиациялық қауіпсіздік зертханасының мамандарымен бірлесіп, марганец диоксиді ұнтағын реакторлық сәулелендіру, соңынан сәулеленген ұнтақтың биологиялық объектілерге радиациялық әсері бойынша эксперименттер сериясы өткізілді. Жұмыстың мақсаты биологиялық объектілердің ішкі сәулеленуінің тірі ағзаның әртүрлі жүйелеріне ұзақ мерзімді әсеріне баға беру болып табылады.
Эксперименттік жұмыстарды жүргізу алдында ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының мамандары оларды орындауға арналған техникалық база әзірледі, атап айтқанда: ИВГ.1М реакторында марганец диоксидінің ұнтағын сәулелендіруге арналған құрылғылар әзірленіп, жасалды; сәулеленген марганец диоксиді ұнтағының тәжірибелік жануарларға радиациялық әсер етуіне арналған арнайы құрылғылар әзірленіп, патенттелді.
Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеті және Шимане университетінің зерттеушілері тәжірибе жүргізілген жануарлардың эксперименттік топтарындағы жеке және орта топтық дозаларын бағалау; сәулеленген жануарлардың әртүрлі органдарындағы цитогенетикалық бұзылулар мен морфологиялық өзгерістердің ерекшеліктерін зерделеу; ішкі сәулеленудің әртүрлі дозаларының әсеріне ұшыраған тәжірибе жүргізілген жануарлар гендерінің экспрессиясына салыстырмалы талдау жүргізу, тіндердегі иммуногистохимиялық өзгерістерді, сондай-ақ тәжірибе жүргізілген жануарлардың перифериялық қанындағы иммунохемилюминисценттік көрсеткіштерді бағалау міндеттерін шешті.
Осы аралықта аталған эксперименттер үшін ИВГ.1М реакторы 15-тен аса іске қосылды. Эксперименттердің әрқайсысы екі сатыдан: ИВГ.1М зерттеу реакторының орталық эксперименттік арнасында 50 кВт дейінгі қуатпен ұнтақ тәрізді марганец диоксидінің шағын дозасын (100 мг дейін) сәулелендіру сатысынан және сәулеленген марганец диоксидінің радиоактивті ұнтағының тәжірибе жүргізілген жануарлар тобына, атап айтқанда егеуқұйрықтарға әсер етуі бойынша реактордан тыс сатыдан тұрады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024