12 шілде 2019
ҚР Ұлттық ядролық орталығында ҚР ҰЯО РМК "Байкал" филиалының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Филиал ССП-да өндірістік қуаттар мен объектілерді салу және пайдалануға беруді, сондай-ақ Курчатов қаласының аумағында тұрғын үй және тұрғын емес мақсаттағы объектілер салуды қамтамасыз еткен салынып жатқан кәсіпорын дирекциясының құқықтық мұрагері болды.
90-шы жылдардың басынан бастап жаңадан құрылған "Байкал" филиалы сәулет және құрылыстық жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстары мәселелерін шешу бойынша жұмысты жалғастырды, РАҚ тасымалдауды, радиациялық қауіпті объектілерде табиғатты қорғау іс-шараларын әзірлеуді және орындауды жүзеге асырды.
Филиалдың БН-350 реакторын пайдаланудан шығару және "Байкал 1" реакторлық кешеніне ұзақ уақыт сақтау үшін барлық пайдаланылған ядролық отынды көшіру; "Қазмырыш" ЖШС өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу; КТМ Токамагын, инфрадыбыстық және магниттік станцияларды салу; ядролық қаруды сынау инфрақұрылымын және оның салдарын жою, бұрынғы ССП әскери-өнеркәсіптік кешенін конверсиялау; бұрынғы ЕХМЗ аумағындағы радиациялық қауіпті жағдайды жою сияқты бірегей жобаларды іске асыруға қосқан үлесі баға бергісіз.
Филиал ұжымын мерекемен құттықтай отырып, ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков: "Қол жеткізілген нәтижелердің барлығы – кәсіби қызметкерлердің үздік командасының орасан зор еңбегінің қорытындысы. Сіздер өз мерейтойларыңызды болашаққа сенімді қарауға мүмкіндік беретін жаңа мүмкіндіктерге ие бола отырып қарсы алып отырсыздар",- деп атап өтті.
Ұжымды мерейтой күнімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, өркендеу, әрқайсыңызға жеке бақыт, амандық тілейміз, ең өршіл жоспарларыңызды іске асыруларыңызға тілектеспіз!
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024