24 шілде 2019
2019 жылғы 23 шілдеде «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-да Қазақстан Республикасында иондаушы сәулелену көздерімен (ИСК) қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы көпжақты ынтымақтастық шеңберіндегі екі жобаны аяқтау қорытындысы бойынша салтанатты іс-шаралар өтті, атап айтқанда:
- «Ірі габаритті радиоизотоптық аспаптарды разрядтау және алынған ИСК-ні ҚР ҰЯО РМК «Байкал-1 ЗРК-ға қауіпсіз ұзақ уақыт сақтауға орналастыру» жобасы;
- «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да жинақталған ядролық емес радиоактивті материалдарды және ИСК-ні қауіпсіз ұзақ уақыт құрғақ сақтауға орналастыру» жобасы.
Жобаға қатысушылар:
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
- ҚР ЭМ «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК;
- «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС;
- Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі;
- АҚШ Энергетика министрлігі / Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілік;
- «ИзотопСнабСервис» ЖШС;
- Ақтау машина жасау зауыты;
- «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі» ҰҒО.
«Ірі габаритті радиоизотоптық аспаптарды разрядтау және алынған ИСК-ні ҚР ҰЯО РМК «Байкал-1 ЗРК-ға қауіпсіз ұзақ уақыт сақтауға орналастыру» жобасы
ҚР ҰЯО РМК көптеген жылдар бойы қызмет ету мерзімі өтіп кеткен қатты радиоактивті қалдықтарды және иондаушы сәулелену көздерін (бұдан әрі – ИСК) ұзақ уақыт сақтауға қабылдаумен айналысады, бұл ретте, әдетте, қабылдау рәсімі шеңберінде қаптамалардан ИСК-ні шығару, радиациялық-қорғау камерасындағы көздерді сәйкестендіру және «Байкал-1» ЗРК қоймасында одан әрі ұзақ уақыт сақтау үшін көздерді қорғау қаптарына салу жүзеге асырылады.
Нидерланд Корольдігі Үкіметінің қаржылық қолдауымен және АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің қатысуымен іске асырылған осы қызметті жүзеге асыру барысында құрамында ИСК бар 15-тен астам ірі габаритті бұйымдар, аспаптар мен қондырғылар қабылданды.
Бұл бұйымдардың ауқымды габариттері мен үлкен салмағы ҚР ҰЯО РМК-да бар технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, олардан ИСК-ні алап шығуға, атап айтқанда радиациялық-қорғау камерасы мен тиеу технологиялық ойықтарының мөлшері бойынша шектеулерге байланысты мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен комиссияда осы мәселені көтеру туралы шешім қабылданды.
ҚР мен АҚШ арасындағы энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен комиссияның бекітілген бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдың маусым айында «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі» ҰҒО, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, сондай-ақ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС» және "ИзотопСнабСервис" ЖШС арасында ҚР ҰЯО РМК-да сақтауға орналастырылған және ИСК бар ірі габаритті радиоизотоптық аспаптармен (бұдан әрі – РИА) жұмыс істеу жөніндегі жұмыстарды орындауға шарт жасалды.
Шартқа сәйкес жұмыстар 2 кезеңде жүргізілді:
- 2017 жылғы шілдеден қазан айына дейін «Байкал-1» ЗРК объектісінде РИА-ның бір бөлігі разрядталды, ИСК алынды және «Байкал-1» ЗРК сақтау қоймасына ұзақ уақыт сақтауға орналастырылды;
- 2017 жылғы қарашадан 2019 жылғы маусымға дейін қалған РИА-ны «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға тасымалдау бойынша жұмыстардың қорытынды көлемі жүргізілді, онда көздер алынып, көліктік қорғау контейнерлеріне тиелді. Бұдан кейін разрядталған радиоизотоптық аспаптар мен алынған ИСК бар көлік контейнерлері ҚР Ұлттық ядролық орталығына тасымалданды. Радиациялық-қорғау камерасында иондаушы сәулелену көздері контейнерлерден алынып, сәйкестендірілді және «Байкал-1» ЗРК қоймасына ұзақ уақыт сақтауға орналастырылды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да жинақталған ядролық емес радиоактивті материалдарды (ЯРМ) және ИСК-ні ұзақ уақыт қауіпсіз құрғақ сақтауға орналастыру» жобасы
Жоба 2012-2017 жылдар аралығында іске асырылды. Жобаның мақсаты – БН-350 реакторлық қондырғысының ұстау бассейндерін босату және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да жинақталған ЯРМ/ИСК-ні қауіпсіз ұзақ уақыт сақтауға орналастыру болды.
Осы жоба бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да жинақталған ИСК мен ЯРМ-ны түгендеу жүргізілді және оларды ұзақ уақыт сақтаудың әртүрлі нұсқалары қаралды. Жүргізілген талдау нәтижесінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңындағы металл-бетон контейнерлерде құрғақ сақтау нұсқасы таңдалды. Әзірленген және бекітілген жобаға сәйкес Ақтау машина жасау зауытында әрқайсысы ~50 тонналық төрт металл-бетон контейнері, сондай-ақ жоғары және төмен белсенді ИСК-ге арналған ішкі корзиналар мен контейнерлер дайындалды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мамандары БН-350 реакторлық қондырғысының ұстау бассейндерінен ЯРМ/ИСК-ні түсіріп, буып-түйіп, металл бетонды контейнерлерге орналастырды. Бұдан бұрын БН-350 реакторлық қондырғысының пайдаланылған ядролық отынын уақытша сақтау үшін салынған алаңдарды физикалық қорғауды жаңғыртудан кейін ЯРМ және ИСК бар металл-бетон контейнерлер сонда орналастырылды. Радиоактивтік материалдармен жұмыс істеудің алдында іске қосылған барлық жүйелер мен жабдықтардың штаттық жұмыс істеуін тексеру, оның мақсатында суық күйде өткізу жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде БН-350 реакторының пайдаланудан шығару сатысында тұрған ұстау бассейндерінің көп бөлігі босатылды. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да ұзақ жылдар бойы жинақталған барлық ИСК мен ЯРМ түгенделіп, шоғырландырылды және қауіпсіз ұзақ уақыт құрғақ сақтауға орналастырылды.
Салтанатты рәсімге қатысушылар Қазақстан Республикасының радиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы күш-жігерін қолдауға бағытталған жүргізілген жұмыстардың маңыздылығы мен табыстылығын атап өтті.
Салтанатты рәсімнің соңында АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі өкілдері жобалардың қатысушыларына естелік тақта мен плакеттер табыс етті.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024