15 тамыз 2019
Тұрғын үйлердегі, бала бақшалар мен мектептердегі радонды азайту тәсілдері, сондай-ақ Еуропада пайдаланылатын белгілі бір жердің қауіптілік дәрежесін бағалауға арналған радон карталарын әзірлеу әдістері әлемнің 18 елінен келген мамандардың қатысуымен Вильнюсте (Литва) өткен кездесуде қаралды.
Кездесуге қатысқан Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері Ольга Новикова тұрғын үй-жайлардағы радонды азайту мәселесін шешудегі Еуропа елдерінің тәжірибесі туралы былай дейді:
- Адам жер бетіндегі радиация көздерінен жылдық жеке тиімді эквивалентті сәулелену дозасының тең жартысын көзге көрінбейтін, дәмі мен иісі жоқ радонның ауыр газынан алады. Адам радоннан сәулелену дозасының негізгі бөлігін радон концентрациясы жоғары, жабық, желдетілмейтін үй-жайда болған кезде алады.
Радон іргетастағы сызаттар арқылы жер бетінен еден арқылы енеді де, негізінен тұрғын үй-жайлардың төменгі қабаттарында жиналып, сол жердегі радиацияны жоғарылатады. Радонды радиация көздерінің бірі құрылыс өндірісінде пайдаланылатын конструкциялық материалдар болуы мүмкін. Оларға бірінші кезекте радиоактивтілігі жоғары материалдар – гранит, пемза, фосфогипс жатады. Қазіргі уақытта үй-жайлардағы радонның туынды ыдырау өнімдерімен сәулелену ауырлығы бойынша өкпе обырынан болатын өлім-жітімді туындататын темекі шегуден кейін екінші орында тұрғандығы ресми түрде танылды. Аумақтың геофизикалық ерекшеліктерінің ғимараттардың конструктивтік ерекшеліктерімен белгілі бір комбинациясы кезінде және үй-жайлардың ауасындағы климаттық параметрлерінің маусымдық өзгеруіне байланысты радон концентрациялары белгіленген деңгейден бірнеше есе артық болуы мүмкін. Сондықтан тұрғын және қызметтік үй-жайларда радон деңгейін азайту жөніндегі іс-шараларды өткізу ұжымдық дозаны төмендетудің ең тиімді әдісі болып табылады.
Еуропада тұрғын үй-жайлардағы радонды азайту үшін ғимараттардың төменгі қабаттарында немесе жертөле үй-жайларында арнайы желдеткіш орнатылады. Радоннан алынатын дозаны бақылау үшін тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайларда арнайы дозиметрлер ілінеді.
Біз үшін бұл тақырып өте қызықты. Семей сынақ полигонының аумағы радонның мөлшері мен оның таралу сипатын зерттеуге арналған үлкен аймақ. Бұл салада жинақтаған тәжірибеміз келешекте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ғана емес, коммерциялық тапсырыстарды да орындауға көмектеседі, өйткені біз осы саладағы аккредиттелген зертхана болып табыламыз.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024