29 қазан 2019
2019 жылғы 21-25 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ҚР Ұлттық ядролық орталығы және Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (JAEA) арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы персоналды даярлау жөніндегі келісім шеңберінде ұйымдастырылған «Реакторлық технологиялар» (Follow-up Training Course «Reactor Engineering») атты оқу курсы өтті.
«Реакторлық технологиялар» курсы кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер бар өңірлік жоғары оқу орындары тыңдаушыларының қатысуымен бесінші рет (2015 жылдан бастап) өткізіліп отыр.
Курстың үйлестірушілері, нұсқаушылары және дәріскерлері ретінде нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы бойынша бұрын JAEA-да оқу курсынан өткен ҚР ҰЯО қызметкерлері сөз сөйлегені есте қаларлық жағдай.
Дәрістік сабақтармен қатар практикалық сабақтар, сондай-ақ «Байкал-1» ЗРК-ға, материалтану кешеніне, КТМ токамагына, «Тәжірибе алаңына», ССП мұражайына техникалық турлар өткізілді.
Кіріс және қорытынды тестілеу қорытындысы тыңдаушылардың жеткілікті жоғары білім деңгейі мен біліктілігін растады. Курс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға тиісті сертификаттар табыс етілді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024