14 желтоксан 2016
2016 жылғы 5-9 желтоқсан аралығында Вена қаласында өткен МАГАТЭ-нің ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясына әлемнің 168 елінен келген өкілдер қатысып, бір дауыстан министрліктің декларациясын қабылдады. Декларацияға сәйкес әр ел радиоактивтік материалдардың заңсыз айналымымен, тасымалдаумен немесе тартып алумен күш салып күресу туралы міндеттемелер қабылдады.
Бұл – МАГАТЭ әрбір үш жыл сайын өткізетін ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі екінші конференция. Іс-шараға Агенттікке мүше 168 мемлекет, сондай-ақ министрлік деңгейіндегі 50 делегация қатысты.
Энергетика министрлігі мен Ұлттық ядролық орталық өкілдері енген қазақстандық делегацияны Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Сарыбай басқарды.
Конференция министрлік сегментінің пленарлық отырысынан басталып, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты әртүрлі тақырыптар бойынша ғылыми және техникалық сессиялармен жалғасты.
Қазақстандық делегация басшысының мәлімдемесінде еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктері, физикалық ядролық қауіпсіздікті нығайту аясындағы ҚР мен МАГАТЭ арасындағы тиімді ынтымақтастық жайында айтылды. Конференцияға қатысушылардың назары Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында айтылған бастамаларына аударылды. Бұл бастамалар БҰҰ құжаты ретінде таралып, «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифестінде жалғасын тапты.
Іс-шараға қатысушылар сондай-ақ 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп жоспарланып отырған Қазақстандағы МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етілді.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024