11 сәуір 2017
Ұлттық ядролық орталығының тарихындағы ең күрделісі болды. Бұл – полигонның барлық құрылымдары бұзылған кезден бастап оның аумағында негізгі буыны ҚР ҰЯО болған ғылыми база құрылған кезең еді деуге болады. Осы кезеңде 1992 жылы ҚР ҰЯО-ның алғашқы бас директоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Батырбеков Ғаділет Әндиянұлы тағайындалды.
Сол кезеңнің басты жетістіктерінің бірі – ауыр жағдайларда Семей полигонында КСРО Қорғаныс министрлігі мен Орташа машина жасау министрлігінің ғылыми әлеуетін сақтап қалу болды. Бұл жерде құрамына радиациялық қауіпсіздікпен және ядролық сынақтарды бақылаумен айналысатын ғылыми бөлімшелер кіретін әскери бөлім тұрды, «Луч» ҒӨБ бірлескен экспедициясы жұмыс істеді. Олардың негізінде ҚР Ұлттық ядролық орталығының институттарын құру қажет болды. Бұл 1993 жылы жүзеге асырылды. Институттар да Ұлттық ядролық орталық сияқты жұмыстардың нақты құрылымы мен бағдарламасын алды.
Осы кезеңде полигонмен байланысты: оның жай-күйі қандай, несімен қауіпті, ол жерде не істеуге болады және не істеуге болмайды деген көптеген мәселелерді шешу керек болды. Ғылыми және халықаралық қызмет өріс алды. Дәл сол кезде АҚШ, Жапония, Франция, ГФР және басқа да елдердің ұлттық зертханаларымен белсенді өзара тиімді ынтымақтастық орнады. Бұл Қазақстан аумағындағы Семей және басқа да ядролық полигондардың (Лира, Азғыр) радиоэкологиялық жағдайын зерттеу саласындағы жұмыстарды жылдамдатуға мүмкіндік берді.
Екінші басты бағыт – атом энергетикасы, соның ішінде энергетикалық ядролық реакторлардың қауіпсіздігін зерттеу мен оларды жетілдіру болды.
Үшінші бағыт – ядролық физика, қатты дене физикасы, радиациялық материалтану, ядролық технологияларды әзірлеу саласындағы іргелі зерттеулер.
Төртінші бағыт аясында атомдық қаруды сынауды бақылау жөніндегі сейсмикалық станциялар жүйесі қайта жабдықталып, ретке келтірілді. Осының барлығына Қазақстан үшін өте ауыр кезеңде қол жеткізілді.
ҚР ҰЯО РМК-ның алғашқы бас директоры, профессор Ғ.Ә.Батырбеков былай деп еске алады: «1993-1994 жылғы қыс мезгілінде Курчатов қаласында қалғандар жылусыз отырды, киіммен ұйықтады. Күнделікті, қаржылық қиын жағдайлар, қиын проблемалар болды. Ол кезде ғылым емес, күнкөріс басты міндет болды. Десе де, біз өзіміздің негізгі міндетімізді орындадық – ұжымның ұйтқысын, тәжірибелі, білікті мамандарды сақтап қалдық. Адамдар жалақыларын алып отырды, қаржыландырылатын тапсырыстармен қамтамасыз етіліп, бірегей жабдықты жұмысқа қабілетті күйде ұстау мүмкіндігіне ие болды. Мұндай жағдайда реакторлардың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету оңай болған жоқ, бірақ адамдардың санасы жоғары тұрды».
Жалғасын келесі материалдан оқисыздар.
«Адам. Энергия. Атом» журналының материалдары бойынша дайындалды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024