13 қараша 2019
Бүгін Жапонияда ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Toshiba Energy Systems&Solutions Corp. және Marubeni Utility Services мамандарының арасындағы ғылыми-техникалық семинар жұмысын бастады. Аталған семинар Fukushima АЭС-індегі аварияның салдарымен байланысты техникалық және экологиялық проблемаларды шешудегі ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылау бойынша жоспарланған кездесулердің екіншісі болып табылады.
Бір апта бойы кең ауқымды мәселелер талқыланып, міндеттер мен оларды шешудің ықтимал жолдары тұжырымдалады және нақтыланады, соның нәтижесінде жаңа жобаларды жоспарлау және іске асырудың одан арғы бірлескен іс-қимылдары туралы жалпы түсінік қалыптастырылатын болады.
Бірінші семинар 2019 жылғы маусым айында Ұлттық ядролық орталықта өтті. Ол кезде жапон мамандарына ҚР ҰЯО эксперименттік базасының мүмкіндіктері көрсетіліп, ынтымақтастықты дамыту үшін өзара қызығушылық тудыратын бағыттар алдын ала анықталды.
Toshiba компаниясының бас кеңсесінде екінші семинарды аша отырып, компанияның атом-энергетика бағытын басқаратын вице-президент Горо Янасе мырза ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін қазіргі уақытта ойдағыдай іске асырылған және асырылып жатқан бірлескен жобалар түріндегі жақсы негіздің бар екендігін атап өтті.
Бүгінгі күні қол жеткізілген нәтижелер Fukushima АЭС-інің авариялық реакторларынан кориумды алып шығу және жұмыс істеп тұрған реакторлардың қауіпсіздігін арттыру жұмыстарының белсенді фазасын дайындау кезінде сұранысқа ие. Семинарға қатысушылар алдағы талқылаулар барысында бірлескен жаңа жұмыстарды дайындау мен іске асырудың «жол картасын» қалыптастыру қажет деген пікірге келді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024