10 қаңтар 2020
Жас ғалымдар мен мамандарға қолдау көрсету және белсенді ғылыми-өндірістік қызметке ынталандыру мақсатында 2018 жылы ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының жыл сайынғы атаулы стипендиясы тағайындалды.
Стипендиаттардың 2018 және 2019 жылдары жүргізген зерттеулер нәтижелері, жас қызметкерлердің жаңа ғылыми бағыттарды дамытуға қызығушылығының өсуі және олардың жарияланымдық белсенділігі енгізілген жүйенің табыстылығын көрсетті. Өткен жылдың соңында 2020 жылы 12 үміткерге стипендия беруге арналған оң шешім қабылданды. 2020 жылғы стипендиаттардың толық тізімін жариялаймыз:
1. Райымқанова Альмира Мұратқызы – «Топырақтағы радиокөміртекті анықтау әдістемесін әзірлеу»;
2. Пономарева Татьяна Сергеевна – «Топырақ-өсімдік» жүйесінде техногендік радионуклидтердің миграциясына эдафикалық факторлардың әсерін бағалау»;
3. Кривицкий Павел Евгеньевич – «Балапан» алаңының үлгісінде алаңның типтік радиологиялық паспортын әзірлеу»;
4. Харченко Артем Алексеевич – «Биокинетикалық үлгілерді пайдалана отырып, ішкі сәулелену дозаларын есептеуге арналған программалық жасақтаманы әзірлеу»;
5. Дорожкин Илья Петрович – «Далалық спектрометрия деректер базасын әзірлеу».
6. Самарханов Қуаныш Қанатұлы – «Қатты иондауышпен толтыру кезінде деңгейлердің орналасу механизмдерін, плазмалық процестер кинетикасын эксперименттік зерттеу»;
7. Жанболатов Олжас Мұратбекұлы – «Реактор жай-күйінің өзгеруін және бөліну актісінде уақытша энергия шығарылу тәуелділігін ескере отырып, ИГР реакторында сынау кезінде эксперименттік құрылғылардың қуатын есептеу әдістемесін әзірлеу»;
8. Дәулетханов Ерхат Дәулетханұлы – «Конструкциялық материалдардың механикалық қасиеттерін экспресті бағалау үшін аспаптық инденттеу әдісін бейімдеу»;
9. Қайырды Ғайния Қайырдықызы – «Плазмалық сәулелену кезіндегі вольфрамды карбидтеу бетінің физикалық процестерін зерттеу»;
10. Ильиных Станислав Алексеевич – «EAGLE» эксперименттік стендінің ақпараттық-басқару жүйесіне арналған программалық жасақтаманы әзірлеу»;
11. Сүлейменов Нұрболат Айдынұлы – «Эксперименттік құрылғылардың конструкциялық материалдарын радиациялық қыздырудың олардың температуралық режиміне әсерін бағалау»;
12. Хажидинов Азамат Сағынайұлы – «ANSYS Fluent-ті пайдалану арқылы ИВГ.1М реакторының апаттық жағдайын талдау үшін кеуекті аймақты қолдана отырып ССТА-ТБУ-дың жылуфизикалық моделін әзірлеу».
Стипендиаттарға шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024