24 қаңтар 2020
АҚШ Энергетика департаментінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің қолдауымен ҚР Ұлттық ядролық орталығы зерттеу реакторларын конверсиялау жобасын ойдағыдай іске асыруда. Қаңтар айында америкалық әріптестермен кездесу болып, онда ИВГ.1М реакторының ЖБУ-отынын шығару және ИГР реакторының сәулеленген ЖБУ-отынын кәдеге жарату технологиясын әзірлеу жоспары бойынша жұмыстардың кезекті кезеңі талқыланды.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері әзірлеген ЖБУ-отынын кәдеге жарату технологиясы МАГАТЭ сарапшылары мен Айдахо (АҚШ) Ұлттық зертханасының мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болғанын атап өткен жөн. Технология ұсақтауды, ЖБУ-отынын нашарлаған уранмен араластыруды және соңынан қоспаны бетондауды көздейді.
2020 жылы ҚР ҰЯО-ның материалтану кешенінде ИВГ.1М реакторының эксперименттік ТБУ-отынына реактордан кейінгі материалтану зерттеулер жүргізіледі, бұл ресурстық реакторлық сынақтардың алынған нәтижелерімен бірге конверсиялауды бастау туралы мәселені шешу үшін толық деректер көлемін алуға мүмкіндік береді.
Оң шешім қабылданған жағдайда, ТБУ отынмен физикалық іске қосу рәсімі оны жеткізгеннен кейін 2021 жылы басталуы мүмкін. ИВГ.1М реакторын ойдағыдай конверсиялағаннан кейін осы реактордың барлық пайдаланылған жоғары байытылған уран отыны кейіннен қайта өңдеу үшін Ресей Федерациясына әкетілуі тиіс.
Суретте: ресурстық сынақтар аяқталғаннан кейін ИВГ.1М реакторының ТБУ-отынын түсіру жұмыстары.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024