10 ақпан 2020
ҚР Ұлттық ядролық орталығында КТМ токамагын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісім шеңберінде ТМД елдерінің жетекші ғылыми ұйымдарының қатысуымен ғылыми зерттеулер бағдарламасы іске асырылуда.
Зерттеуге Қазақстан тарапынан Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты, Ресей Федерациясынан «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығы, Йоффе атындағы физика-техникалық институт, «Красная звезда» АҚ, «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университеті, Томск политехникалық университеті қатысады.
КТМ токамагында плазма физикасы бойынша бірлескен зерттеулер жүргізіледі, КТМ токамагының барлық технологиялық жүйелерінің жұмыс режимі пысықталады, КТМ плазмасын басқару жүйесі ретке келтіріледі, жұмыс газының иондану алды жүйесіне арналған литий диверторы, коаксиалды плазмалық үдеткіш сияқты бірегей құрылғылар мен технологиялар, «плазма-қабырға» өзара әрекеттесуін зерттеуге арналған материалтану зонды әзірленеді.
Беларусь Республикасы тарапынан зерттеулерге «Сосны» Біріккен энергетикалық және ядролық зерттеулер институты қатысады. Жұмыстың негізгі бағыты – әртүрлі токамактардағы зерттеулер бойынша ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және алмасуға арналған интернет-ресурс құру; ГРИД-деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесін құру.
Бағдарлама өзінің тиімділігі мен жақсы нәтижелерін көрсетті, олар басқарылатын термоядролық синтез бағытындағы үздік журналдарда жарияланатын болады.
Анықтама: ғылыми зерттеулер бағдарламасын ТМД Экономикалық кеңесі 2018 жылғы 2 наурызда бекітті.
КТМ токамагын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге 2017 жылғы 26 мамырда Ресей Федерациясының Қазан қаласында қол қойылды.
Үкіметаралық келісімге 6 ел: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан елдері қол қойды. Келісімнің басты мақсаты –ТМД-ның әртүрлі елдерінен келген ғалымдарың қазақстандық материалтану токамагында ғылыми зерттеулер жүргізетін механизм құруы болып табылады. Келісім мамандардың Қазақстан аумағында бірегей эксперименттік кешенді бірлесіп пайдалануына құқықтық негіз болады. ҒЗЖ бағдарламасын әкімшілендіру «АТОМ-ТМД» комиссиясының отырысында жыл сайынғы есептілікпен АТОМ-ТМД комиссиясының хатшылығы арқылы өтеді. Қазіргі уақытта КТМ токамагында 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен зерттеулер бағдарламасы әзірленуде, оны 2020 жылы ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында бекіту көзделіп отыр.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024