06 наурыз 2020
Қымбатты әйелдер!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Барлық уақытта әйел сұлулық пен мейірімділіктің, нәзіктік пен шапағаттың, әділдіктің символы болған және солай бола бермек. Отбасы жылуы, баланың күлкісі, нәзіктік пен қамқорлық сынды мәңгілік құндылықтар өздеріңізбен байланысты. Қашан да әйел даналығы мен махаббаты биікке самғатып, ұлы істерге жетелеген.
Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, береке-бірлік, көктемгі көңіл-күй, болашаққа деген нық сенім, шабыт, сәттілік пен табыс тілеймін!
Жанұяларыңызда әрдайым өзара түсіністік, жайлылық пен үйлесімдік орнасын. Жақындарыңыз әрқашан жандарыңыздан табылсын!
Құрметпен,
Бас директор
Э. Ғ. Батырбеков
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024