07 сәуір 2020
Радиациялық қауіпсіздік және экология институты қызметінің негізгі бағыттарының бірі бұрынғы Семей сынақ полигонының радиациялық жағдайын зерттеу болып табылады. Жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін дала маусымы басталар алдында жыл сайын дайындық іс-шаралары жүргізіледі, олар сынама алу көлемін анықтаудан, шығуды жоспарлаудан, жабдықтар мен құрал-саймандарды дайындаудан тұрады.
Бұл аса маңызды болып көрінбесе де, сынама алу құрал-сайманын дұрыс қайраудың өзі күрделі топографиялық-геодезиялық және гамма-спектрометриялық жабдықты баптау мен дайындау туралы айтпағанның өзінде жұмыстарды жүргізудің сапасы мен жылдамдығына әсер ететінін атап өткім келеді. Бұл ретте барлық пайдаланылатын жабдықтар міндетті түрде және тұрақты негізде тексеруден өткізіліп, сертификаттармен расталады.
Мобильді тұрғын вагондардан бастап дала жағдайында өзін жақсы көрсеткен қойма үй-жайларымен аяқталатын инфрақұрылымды дайындау маңызды болып табылады. Осылайша бүгінгі таңда мобильді вагондарды дайындау бойынша барлық жұмыстар аяқталып, оларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жайлы тұру үшін қажетті барлық жүйелер тексерілді.
Барлық автомобиль паркі де дала алдындағы дайындықтан өтті. Әрбір автомобильге тұрақты бақылау жүргізілетініне қарамастан, дала маусымы басталар алдында жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісті жағдай бойынша өте жоғары талаптар қойылатын бұрғылау қондырғылары ерекше назар аударуға тұрарлық.
Тұтас алғанда, дала маусымына дайындық сәуір айының ашық күніндегі сенбілік сияқты деуге болады, бұл барлығын ретке келтіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Радиациялық қауіпсіздік және экология институты дала маусымы – 2020 бойынша дайындық жұмыстарын 100%-ға аяқтады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024