26 мамыр 2017
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Швецияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығын құру жөніндегі шешімінің қабылданғанына 25 жыл толуына арналған Ядролық қарудан азат әлем құру идеясы аясында швед суретшісі Туве Крабоның «Қылмыс орындары: алғашқы найзағай» атты жеке көрмесінің ресми ашылуын өткізді.
«Қылмыс орындары: алғашқы найзағай» көрмесі жұмыстарының көпшілігін Туве Крабо осы экспозицияға арнайы салып, халық назарына тұңғыш рет ұсынды. Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырған аталмыш көрмеде Семей жерінде атом бомбасынан зардап шеккен бейбіт тұрғындардың ауыр халі мен тіршілігін баяндайтын «Катастрофа 1», «Катастрофа 2», «Полигон 1», «Полигон 2», «Шаған көлінің бетінде», «Гюисман жекежайы», «Көлік», «Бала», «Егіздер», «Жетім», «Қылмыс орындары» атты акварель, сия, акрилмен орындалған картиналар сериялары қойылады.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024