10 маусым 2020
Семей сынақ полигонының жер асты суларының радиациялық жағдайын бағалау бойынша зерттеулер жүргізу үшін ҚР Ұлттық ядролық орталығында білікті мамандардан – геологтардан, гидрогеологтардан, бұрғылау қондырғысы машинистерінен тұратын арнайы бөлімше құрылды. Бөлімшені техникалық қамтамасыз ету әртүрлі диаметрдегі ұңғымаларды 100 м дейін бұрғылауға, жер асты сулары мен керндердің сынамаларын алуды жүзеге асыруға, зерттеу ауданындағы гидрогеологиялық және геологиялық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мамандар «Тәжірибе алаңы» ауданында және Семей сынақ полигоны аумағының шығыс бөлігінде жұмыстар жүргізуде.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024