28 тамыз 2020
2020 жылғы 25 тамызда бейнеконференция форматында 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» және «КТМ токамагындағы эксперименттік зерттеулерді ғылыми-техникалық қолдау» ғылыми-техникалық бағдарламаларын орындау нәтижелерін талқылауға арналған ҚР Ұлттық ядролық орталығы ғылыми-техникалық кеңесінің ашық отырысы өтті.
Отырысқа «Атом энергиясы институты» және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалдарының басшылары мен жауапты орындаушылары, сондай-ақ «Ядролық физика институты» РМК мен «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК-ның бірлесіп орындаушылары қатысты.
Кіріспе сөзінде ҒТК төрағасы, ҚР ҰЯО РМК бас директоры
Э.Ғ. Батырбеков салалық ғылымды дамыту үшін қарастырылып отырған ғылыми-техникалық бағдарламалардың маңыздылығын атап өтті. Бағдарламалардың ғылыми тақырыптары шеңберінде шешілетін міндеттер атом саласындағы кәсіпорындарға атом ғылымы мен техникасы, радиоэкология, геофизика саласындағы өз біліктілігін жетілдіріп, жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Баяндамашылар бағдарламаның әрбір ғылыми тақырыбы бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерін ұсынды, ғылыми-техникалық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Ұсынылған баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық кеңес барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде, жоғары ғылыми деңгейде орындалды, қол жеткізілген нәтижелер сәйкес келеді, ал көп жағдайда күткен нәтижелерден де асып түсті деген пікір білдірді. Жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері халықаралық конференцияларда да, Web of Science және Scopus деректер базасына кіретін ғылыми журналдарда және ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне кіретін жарияланымдар түрінде де жақсы сынақтан өтті.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024