28 тамыз 2020
Ядролық қарусыз әлем құру жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосқан ерекше тарихи үлесі ескеріліп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесі берілді. Бұл туралы Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылған БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында айтылды. Аталған марапат Нұрсұлтан Әбішұлының белсенді антиядролық саясатының нәтижесі болып табылады, оның негізінде Семей полигонын жабу туралы дана шешім қабылданды.
Әлемдегі ең ірі үш полигонның бірін жабу туралы шешім Ұлт көшбасшысының алғашқы саяси шешімдерінің бірі болды, ол бүкіл Қазақстан халқының ядролық қарусыз әлемге ұмтылысына негізделген саяси ерік-жігерді көрсетудің жарқын үлгісі болды.
Бүгінгі таңда біз бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағы КСРО әскери-өнеркәсіптік кешені инфрақұрылымының ядролық қызметі салдарынан толығымен тазартылып, қауіпсіз күйге келтірілгенін қанағаттанушылықпен атап көрсетеміз. Қазақстан Республикасының басшылығы қабылдаған ядролық қаруды таратпау жөніндегі шаралар халықаралық қатынастар жүйесі үшін қауіп төндіруі ықтимал, кезіндегі қуатты кеңестік ядролық қару кешенінің бақылаусыз ыдырау қаупін толық дерлік жойды. Қазіргі уақытта ССП аумағында кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жүргізілуде, оларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аяқтау жоспарланып отыр. Үлкен көлемді ақпарат алынды, ССП проблемалары мен оны бейбіт мақсатта пайдаланудың алдағы перспективалары туралы айқын мақсат бар.
Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру жөніндегі ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу ядролық қаруды сынаудың қолданыстағы орасан зор инфрақұрылымын жоюға бағытталған Қазақстан Республикасы қабылдаған пәрменді күш-жігер мен нақты шаралардың теңдессіз үлгісі болып табылады.
Қол жеткізілген нәтижелердің, жүйелі антиядролық саясатының және түрлі деңгейлерде белсенді ілгерілеп келе жатқан бейбіт бастамаларының арқасында еліміз ядролық қарусыздану, таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы өзінің жаһандық көшбасшылығын нығайтып, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізуге бағытталған дәйекті өнімді жұмысын жалғастыруда.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024