27 қараша 2020
«АТОМ КӨЛІ» | Семей сынақ полигонындағы (ССП)⠀
ядролық сынақтар тарихынан
КСРО-да топырақ шығарындысымен болатын жерасты ядролық жарылыстарын өнеркәсіптік пайдалану бағдарламасы бағыттарының бірі елдің құрғақ аудандары үшін жасанды су қоймаларын және солтүстіктегі өзендердің суын үнемі су жетіспейтін оңтүстік аудандарға жіберу арналарын жасау болды. Мұндай алғашқы сынақ 1965 жылдың 15 қаңтарында Шаған және Ащысу өзендерінің аумағындағы негізгі су артерияларының біріккен жерінде жүргізілген қуаты 140 килотонна болатын «Шаған» жерасты ядролық жарылысы болды. Жарылыс нәтижесінде тереңдігі 100 метрден асатын және диаметрі 430 метр болатын шұңқыр пайда болды. Жарылыс толқыны 950 метр биіктікке 10,3 миллион тонна топырақ лақтырды. Тау жыныстарының қопарылуы мен ұсақталуының нәтижесінде шұңқырдың айналасында диаметрі 1000 метрге дейін және биіктігі 35 метрге дейін жететін топырақ үйіндісі пайда болды. 1965 жылдың көктемінде Шаған өзенінің аңғары арна арқылы шұңқырға жалғанды. Шұңқыр тасқын сумен толған кезде «Атом көлі» пайда болды.
60-шы жылдардың соңында «Атом көлінде» қалдық радиацияның тірі организмдерге әсерін зерттеу бойынша тәжірибелер жүргізілді. Бірнеше жыл ішінде көлге балықтың 36 түрі (соның ішінде амазондық бөрібалықтар), моллюскалардың 27 түрі, қосмекенділердің 32 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 11 түрі, сүтқоректілердің 8 түрі, омыртқасыздардың 42 түрі және су өсімдіктерінің 150-ге жуық түрі қоныстандырылды. Аталған түрлердің барлығы дерлік жергілікті фаунаға тән емес болғандықтан, біраз уақыттан кейін организмдердің 90% - ы құрып кетті. 1974 жылы тәжірибелік станция жабылып қалды.⠀
90-шы жылдардың соңынан бастап ҚР ҰЯО «Атом көлі» орналасқан ауданда радиоэкологиялық зерттеулер жүргізуде. «Атом көлі» туралы толығырақ «Адам. Энергия. Атом» журналының жақын күндері жарияланатын жаңа санында танысуға болады.⠀
Фото авторы: Роман Нефедов
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024