30 желтоксан 2020
ҚР Ұлттық ядролық орталығының реакторлық отын зертханасының бастығы Нұржан Мұхамедовке мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды!
Байқаудың қорытындысы 29 желтоқсанда ҚР БҒМ Ғылым комитеті ұйымдастырған онлайн рәсімде жарияланды.
Нұржан Мұхамедов 2017 жылы докторантураны аяқтап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Ядролық реактордың актив аймағы элементтері балқымасының жылуфизикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында диссертация қорғады.
Нұржан реакторішілік сәулелендіру құрылғыларын әзірлеу, жобалау, дайындау және жинау, жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау, реакторлық және реактордан кейінгі зерттеулерді жүргізу бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу, нәтижелерді өңдеу, есептік құжаттама дайындау мәселелерімен айналысады. Қазіргі уақытта халықаралық (БРЕСТ, РФ), (SAIGA, Франция) және республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде орындалатын шапшаң нейтронды реакторлардың қауіпсіздігін негіздеу жұмысымен белсенді түрде айналысуда.
Нұржан Web of Science және Scopus дәйексөз базасына кіретін отандық және шетелдік рейтингтік журналдарда 30-дан астам ғылыми жарияланымның, өнертабысқа арналған 5 патенттің авторы және бірлескен авторы. Scopus және Web of Science ғылыми өлшемдік деректер базасына сәйкес Хирш индексі – 2. Сонымен қатар ЖОО студенттері мен магистранттарының практикасына жетекшілік етті.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Жаңа кәсіби биіктерді бағындырып, қызықты ғылыми нәтижелерге жетуіне тілектеспіз!
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024