05 ақпан 2021
2017 жылдан бастап жастар арасында ғылыми қызметті қосымша ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы бас директорының атаулы стипендиясы тағайындалды.
2021 жылы стипендия кәсіпорынның 15 жас ғалымы мен маманына берілді. 2021 жылғы стипендиаттардың толық тізімін және олардың жұмыс тақырыптарын жариялаймыз:
1. Колбин Владимир Валерьевич – «ҚР ҰЯО РҚЭИ-де рентгенофлуоресценттік талдау әдісімен силикатты үлгілердегі элементтер мен оксидтердің массалық мөлшерін анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу».
2. Бияхметова Дина Бияхметқызы – «ҚР ҰЯО-да биологиялық дозиметрияны дамыту үшін жоғары дозалар саласында электрондық-парамагниттік резонанс әдістемесін игеру».
3. Артамонов Юрий Евгеньевич – «Курчатов қаласының аумағында радон изотоптары концентрациясының маусымдық өзгерістерін айқындау».
4. Сысоева Елена Сергеевна – «Орман төсенішінде радионуклидтердің таралу ерекшеліктерін зерделеу».
5. Дорожкин Илья Петрович – «Семей сынақ полигоны аумағында гамма-спектрометриялық түсірілім нәтижелері бойынша радионуклидтер концентрациясының өзгеруін бағалау үшін программалық жасақтаманы әзірлеу («Тәжірибе алаңы» үлгісінде)».
6. Есілқанов Ғани Мұхтарұлы – «ССП-ның шартты «аялық» аумақтарының жерасты сулары үлгісінде экологиялық-геохимиялық деректерді статистикалық өңдеу бойынша кешенді тәсілге арналған ұсынымдар әзірлеу».
7. Самарханов Қуаныш Қанатұлы – «Тозаңдатқыш ядролық қозу плазмасын кешенді спектроскопиялық зерттеу».
8. Жанболатов Олжас Мұратбекұлы – «Зерттеу реакторлары отынының жанып кетуін есептеу».
9. Жүнiсбек Сағынғали Андасбекұлы – «КТМ токамагына арналған спектрометрлік өлшеулер негізінде плазманың электрондық температурасын анықтау».
10. Бочков Вадим Сергеевич – «Қалайы-литий қорытпасы негізінде термоядролық реакторлардың плазмамен ұстасқан перспективалық материалының жылуфизикалық қасиеттерін зерттеу».
11. Ақболатов Елдос Жаннұрұлы – «AISI316 және 12Х18Н10Т әртекті болаттарын дәнекерлеу технологиясы».
12. Жанболатова Ғайния Қайырдықызы – «Қайта кристалдандыратын жасытудың вольфрам бетінде карбидтелген қабаттың пайда болуына әсері».
13. Ильиных Станислав Алексеевич – «EAGLE эксперименттік стендінің ақпараттық-басқару жүйесіне арналған программалық жасақтама әзірлеу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың кіші жүйелері».
14. Төлеубеков Қуанышбек Оразбекұлы – «ЛАВА-Б» қондырғысындағы кориумда қалдық энергия бөлінуін модельдеу тәсілінің есептік негіздемесі».
15. Шульга Михаил Викторович – «Атом саласы объектілері орналасқан аудандарда инженерлік-геологиялық жағдайларды және әлсіз көрінген геодинамикалық процестерді мониторингілеу кезінде электрбарлау әдістерін қолдану мүмкіндігін зерттеу».
Стипендияның берілуімен құттықтаймыз, алдағы уақытта кәсіби табыстар тілейміз!
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024