15 ақпан 2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековті мерейтойымен құттықтаймыз!
Дарыны мен еңбекқорлығының, ғылыми қызығушылықтарының кеңдігінің арқасында Эрлан Ғаділетұлы өзінің ойларын ғылымда және іс жүзінде іске асыруда үлкен жетістіктерге жетті.
Біз осы тамаша адамның, талантты ғалымның аты мен ісі ҚР Ұлттық ядролық орталығымен тығыз байланысты екенін мақтан тұтамыз!
Э.Ғ. Батырбековтің басшылығымен ҚР Ұлттық ядролық орталығы барлық қызмет бағыттары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атом энергетикасының қауіпсіздігі саласында маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қол жеткізілген нәтижелердің арқасында бүгінде Ұлттық ядролық орталық актив аймақтың балқуымен болатын атом электр станцияларындағы аварияларды эксперименттік модельдеу саласында алдыңғы қатарлы әлемдік позицияларға ілгеріледі.
ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі бірегей жоба ойдағыдай іске асырылуда.
Қазақстандық КТМ материалтану токамагының стендтік кешенін құру бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді, бұл жаңа бағытты – басқарылатын термоядролық синтез технологиясын белсенді дамытуға мүмкіндік берді.
Э.Ғ. Батырбековтің тікелей қатысуымен радиоэкология саласында жұмыстар жүргізу үшін бірегей инфрақұрылым және аппаратуралық-әдістемелік база құрылды. «Тәжірибе алаңын» қауіпсіз күйге келтіру бойынша ҚР ҰЯО тарихындағы ең ірі жобалардың бірі ойдағыдай іске асырылды.
Бас директордың кадрларды даярлау жөніндегі белсенді жұмысы үлкен құрметке лайық.
Ұйымдастырушы мен басшының дарыны, еңбекке қабілеттілігі, кәсіби әлеуеті және белсенді азаматтық ұстанымы Эрлан Ғаділетұлына болашақта да саланың алдына қойылған міндеттерді шешуде елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Келесі жылдар жақсылықтарға толы болсын және кәсіби қызмет майданындағы жаңа сәттіліктерге, жеңістер мен жетістіктерге қуанатын сәттер көп болсын!
Құрметті Эрлан Ғаділетұлына зор денсаулық, амандық, өмірдің көптеген бақытты күндерін, жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!
ҚР Ұлттық ядролық орталығының ұжымы
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024