06 сәуір 2021
ҚР Ұлттық ядролық орталығында (бұдан әрі – ҚР ҰЯО) АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық шеңберінде («Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы) ҚР Ұлттық ұланының өкілдеріне арналған оқу курсы өткізілді. Нұсқаушы ретінде АҚШ және ҚР ҰЯО мамандары қатысты.
Оқу курсы шеңберінде сабақтар үш негізгі блок: радиоактивті көздерді іздеу; ҚР ҰЯО авариялық-құтқару құралымының жабдықтарындағы практикалық сабақтар; дозиметрлік аспаптармен көрнекі (көрсету) сабақтар бойынша ұйымдастырылды. Курс бағдарламасына, сондай-ақ, физикалық қорғау жүйесінің жекелеген элементтерін және ден қою күштерінің іс-қимылдарын оқу жұмыс сынағы енгізілген. Қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ұланы күштерінің оқыс оқиғалар мен оқиғаларға ден қоюдағы практикалық дағдылары, ядролық объектілердегі күштік бөлімшелердің іс-қимылдарының дағдылары мен тактикасы пысықталды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024